Жаңалықтар

Мәдениет және спорт министрлігі Кубогының иегері анықталады

Мәдениет және спорт министрлігі Кубогының иегері анықталады
Фото: instagram.com/drs_kz 22.04.2023 15:51 2290

Бүгін Мәдениет және спорт министрлігі Кубогының иегері анықталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгін Талдықорған қаласындағы «Жастар» сарайында спорт мектеп-интернат-колледждер арасындағы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Кубогының 2-иегері анықталады.

Бас жүлдені былтырғы жеңімпаз Қ.Мұңайтпасұлы атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледж (Астана) бен Жақсылық Үшкемпіров атындағы Олимпиада резервінің облыстық мектеп-интернат-колледжі (Жетісу) сарапқа салады.

Ал қола жүлдегер Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балалардың спорт мектеп-интернаты (Түркістан облысы) мен Жамбыл облысының мектеп-интернат-колледж арасындағы тартысты белгілі болады.

Биыл да Кубоктың жалпы жүлде қоры – 10 миллион теңге. Жеңімпаз 5 миллионға ие болса, 2-орынға үш, қола медаль алған командаға 2 миллион беріледі.

Барлығы 17 спорт оқу ордасы қатысып жатыр. Олар дзюдо, бокс, таеквондо, грек-рим және еркін күрестен сынға түседі. Таеквондо биыл бағдарламаға бірінші рет қосылды. Биыл 2007-2008 жылдары дүниеге келген шәкірттер бақ сынады.

Еске сала кетейік, 14 - 22 сәуір аралығында Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында мектеп-интернат-колледждер арасындағы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Кубогы өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға