Жаңалықтар

Ларри Кинг: «Қазақстан – керемет ел!»

Ларри Кингтің Қазақстан туралы пікірі
24.10.2014 04:32 6003

Американың ең танымал жүргізушісі – Ларри Кинг пен америкалық танымал әртіс Рози Перес сұхбатының видеосы қазақстандық интернетте танымал болып кетті. Ол видеода жүргізуші мен әртіс Геннадий Головкин және Қазақстан туралы әңгіме қозғап отыр.

Ларри Кинг: «Қазақстан – керемет ел!»

Атап өтер жайт, Ларри Кинг тележурналистикада 57 жыл жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде 50 000-нан астам сұхбат жүргізіп үлгерген. Ora TV интернет арнасындағы Larry King Now жаңа бағдарламасында әлем басшылары мен шоу-бизнестің жұлдыздарымен сұхбат құрады. Қазіргі таңда арнаның күнделікті көрермендері 2 млн адамнан асты.

Ларри Кинг соңғы сұхбатында студия қонағы голливуд жұлдызы, әрі хореографы Рози Перес болған. Рози Перес Джанет Джексон, Бобби Браун, Дайана Росс, LL Cool J және The Boys клиптерінің қоюшысы ретінде жұртшылыққа танылған.

Перес бродвейдің мюзиклдарында, кинода ойнайды. Ол түскен картиналар қатарында: «Ақ адамдар секіре алмайды» (White Men Can't Jump), «Батыл» (Fearless), «Ананас эксперсі» (Pineapple Express), «Кеңесші» (The Counselor) және т.б.

Сонымен қатар ол қоғамдық жұмыспен белсенді айналысады. Сол себепті Барак Обама Рози Пересті ЖИТС ауруы бойынша президент кеңесшісі ретінде тағайындады.

Ларри Кинг: «Қазақстан – керемет ел!»

Кинг пен Перестің диалогы:

Ларри Кинг: Саған кәсіпқой бокста кімнің төбелескені ұнайды?

Рози Перес: Қазіргі таңдағы ма? Соңғы кездері мен Геннадий Головкиннің бокстасуын ұнатып жүрмін.

Ларри Кинг: Ол қандай салмақта шығады?

Рози Перес: Орташа салмақ. Олар оны үш G деп атайды. Геннадий Головкин Қазақстаннан. Ол өзінің бойынан қуат шашады! Ол өте жақсы боксшы! Мен жылдар бойы осыны айтып келемін. Алғаш рет біз үйде бокстік кешті қарап отырдық. Сол уақытта андеркартты (кештің негізгі жекпе-жегі алдындағы бокстік кездесулер) күйеуім екеуіміз қарап отқанбыз. Сонда менің жұбайым айқай салды: «Ей, қара, ана жігіттің тұрысын қара! Кім ол?» Сол кезден бастап бокс әлеміндегі барлығына ол жұлдыз болатынын айтқанмын. Олар бұған бастарын шайқайтын. Ал ол болса өзінің соңғы жекпе-жегінде Madison Square Garden аренасын көрермендермен толтырды!

Ларри Кинг: Қазақстан университеті берген құрметті ғылыми атағым бар.

Рози Перес: Сен әзілдеп отсың?!

Ларри Кинг: Ант етем! Мен Қазақстанда өткен іс-шарада сөз сөйлегенмін.

Ларри Кинг: «Қазақстан – керемет ел!»

Ларри Кинг шынымен де Астанаға 2011 жылы келген. Ол кезде KAZENERGY VI Еуразиялық форумында модератор болған.

Ларри Кинг: «Қазақстан – керемет ел!»

Ларри Кингтің Астанада айтқан сөздері:

– Астана – заманауи қала және 20 жыл бұрын осының бәрі болмады. Бірақ та бұл керемет тарих. Менің ойымша, қала да, елдеріңіз де көбірек құрметке лайық. Сіздер істеген нәрсе шынымен де ғажап. Мында ештеңе болмағанына сену өте қиын.

 фотолар: jahnews.nl, vk.com/ggolovkin и flickr.com

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға