Жаңалықтар

"Күйік болдым". Әли Оқапов анасы туралы фильм түсіруге қолдау таппай жүр

"Күйік болдым". Әли Оқапов анасы туралы фильм түсіруге қолдау таппай жүр
Фото: instagram.com/rozarymbaeva / instagram.com/aliokapov 12.12.2023 11:25 7741

Әнші Әли Оқапов анасы үш жылдан бері анасы Роза Рымбаева туралы фильм түсіремін деп жүр. Әнші көпшіліктің қарсы шығып, қолдау таппай жүргенін жасырмады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Ол анасына жасалған қастандық, тағдырындағы қилы кезеңдер, шарықтау мен шыңырауға құлау сәттерін киноға айналдырғысы келеді.

Үш жыл қатарынан өтпей қалып жатырмыз. Өйткені эксперттік комиссия мүшелері бар және олардың субъектив көзқарасы бойынша шешім қабылданады. Сол шешімге байланысты қолдау көрсетіледі. Жылдан-жылға шаршамай, сол "Роза" атты папкамды көтеріп, кейбір адамның көзіне күйік болып, бірақ ұсынып жүрмін, - деді Әли Оқапов Revunews бағдарламасында.

Әнші өз дегенінен қайтпай, фильмді түсіруді мақсат етіп қойған.

Осы киноға қарсы шыққан жандар көп. Майталмандар да бар олардың арасында. Олардың өз жоспары бар шығар, біз сол жоспарға сай келмейтін шығармыз деп ойлаймын. Бірақ мен жеңілмеймін, тоқтамаймын. Екі рет анамыз өле жаздаған. Оны көбісі білмейді. Кеңес үкіметінің ыдырауы, 90-жылдар бар, содан кейін менің дүниеге келгенім бар, Мәдидің дүниеге келгені бар, әкеміздің қайтыс болғаны бар, түрлі-түрлі бәсекелестерінің жағымсыз қадамдары бар, жағымсыз кейіпкерлері де бар, оның барлығы өмірден алынған, - деді Әли Оқапов.

Айта кетейік, Әли Оқапов анасы Роза Рымбаева туралы фильм түсіруге мемлекеттен қолдау сұрағанын жазған едік.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға