Жаңалықтар

Кувейттен Түркістанға жаңа рейс іске қосылады

Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі мәлім етті
Кувейттен Түркістанға жаңа рейс іске қосылады
Фото: avianews.com 10.11.2022 10:28 1045

Азаматтық авиация комитеті рейстер санын одан әрі ұлғайту және Қазақстанға ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды El.kz

Қазақстан Республикасы мен Кувейт мемлекетінің авиациялық билігі арасындағы қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде «Jazeera Airways» Кувейт лоукостері ағымдағы жылдың 3 желтоқсанынан бастап Кувейт – Түркістан бағыты бойынша ұшуларды орындауды бастауды жоспарлап отыр.

Кувейт астанасы мен түркі әлемінің рухани орталығы арасындағы тұрақты жолаушылар рейстері сейсенбі және жексенбі күндері Airbus A-320 типті әуе кемесінде аптасына 2 рейс жиілігімен орындалатын болады.

Рейстер санының ұлғаюы және ұшу географиясының кеңеюі Қазақстан мен Кувейт арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, мәдени және туристік өзара қарым-қатынастардың одан әрі дамуына ықпал ететін болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға