Жаңалықтар

Курчатовта жарылыс болды

Абай облысында орын алған оқыс оқиғаға газ баллонының жарылуы себеп болған
Курчатовта жарылыс болды
Фото: Pixabay.com 13.11.2022 01:35 662

Абай облысындағы Курчатов қаласында төтенше жағдай орын алды, деп хабарлайды El.kz  ІІМ-не  сілтеме жасап. 

Жарылыс қаладағы шағын базардың аумағындағы кафелердің бірінде орын алған. ТЖМ алдын ала  мәліметіне сәйкес, газ баллоны жарылған. 
Салдарынан қаладағы Абай көшесі,  31 мекенжайындағы бірнеше үйдің терезесі бүлінген. 

Төтенше жағдайдан бір ер адам зардап шекті, оның жағдайы қанағаттанарлық, - делінген ведомство таратқан хабарламада. 
Полиция қызметкерлері оқиға орын алған жерді қоршауға алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға