Костенко шахтасындағы жарылыс толқыны 2 шақырымды құраған
28.10.2023 20:07
Фото:
©El.kz
Костенко шахтасындағы жарылыс толқыны 2 шақырымға жеткені белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтерінің Республикалық орталық штабы Қарағанды филиалының директорының орынбасары Геннадий Силинский баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Жарылыс толқыны 2 шақырым болды. Бұл шахтада тексеру 9 қазаннан 30 қазанға дейін жүргізілуі тиіс еді. Алдыңғы тексерулердің нәтижесінде 200-ден астам бұзушылық табылған. Негізгі бұзушылық – газ мөлшерін бақылаудың сапасыздығы. Осы тұрғыда тиісті бақылау болмаған, - деді Геннадий Силинский.
Айта кетейік, бүгін Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада өрт болып, 33 кенші қаза тапты.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

