Көркем жүзуден Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
06.03.2024 02:25
914
Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жеңіске жетті. Отандастарымыз Қытай мен Өзбекстан спортшыларын артта қалдырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, көркем жүзуден Даяна Джаманчалова мен София Ищенко жұбы (13-15 жас тобы) еркін бағдарламада қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанды.
Қазақстан құрамасы 233.5413 ұпаймен жеңіске жетті. Ал жүлделі екінші орын қытайлық спортшылар Жихуан Йе мен Жиян Куге (229.6568) бұйырды. Өзбекстан спортшылары Жасмина Кодирова мен Сабина Махмудова (194.8469) үшінші орынды қанағат тұтты.
Оқи отырыңыз:
- Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан гран-при кезеңінде екі медаль еншіледі
- Абылайхан Жұбаназардың неліктен жеңілгенін бапкері түсіндірді
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Өрт сөндіруші Аяз ата балаларға қуаныш сыйлады