Жаңалықтар

Көлікпен жол ережесін өрескел бұзған СҚО тұрғынына 4 бап бойынша айыппұл салынды

Көлікпен жол ережесін өрескел бұзған СҚО тұрғынына 4 бап бойынша айыппұл салынды
Фото: ІІМ баспасөз қызметі 19.08.2023 22:57 755

Әлеуметтік желілердегі парақшалардың бірінде Петропавл қаласында Жұмабаев көшесіндегі полиция басқармасының алдында Lada Grantа автокөлігін мінген жүргізушінің дрифт жасап жатқаны көрсетілген бейнежазба тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ішкі істер министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Желі қолданушыларының сөзінше, жүргізушінің бұл әрекеті 18 тамызда таңға жақын жасалған. Іздестіру іс-шаралары барысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері автокөлікті Пестрое көлінің маңындағы саяжай учаскелерінің бірінен тапты. Көп ұзамай жүргізуші де ұсталды. Ол облыс орталығының 42 жастағы тұрғыны болып шыққан. 

Ер адам көлік тізгінінде өзі болғанын растап, өзінің бұлай жасауына жеке өміріндегі қиыншылықтарға байланысты туындаған эмоциялық күйзелісі себеп болғанын айтты.

Жасалған бұзушылықтар үшін жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596, 590, 591, 593 және 595-баптары бойынша хаттамалар толтырылды.

Бес баптың төртеуі бойынша әкімшілік айыппұлдар салу көзделген; қарама-қарсы қозғалыс жолына шыққаны үшін 6 айға көлік басқару құқығынан айырылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға