Жаңалықтар

Көкшетауда мектеп ауласынан қыздың денесі табылды

Көкшетауда мектеп ауласынан қыздың денесі табылды
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 21.07.2023 09:20 1551

Көкшетауда мектеп ауласында асылып қалған бойжеткеннің денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

20 шілде күні сағат 9:50-де Әуелбеков көшесі 177 мекенжайы бойынша орналасқан №16 орта мектеп аумағында асылып тұрған қыздың денесі табылғандығы туралы 102 желісіне телефон арқылы хабарланған.

Шақыру орнына Көкшетау қалалық ПБ жедел-тергеу тобы бағытталды. Асылып қалған бойжеткеннің Көкшетау қаласының 18 жастағы тұрғыны екені анықталды. Осы дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі «өзін өзі өлтіруге жеткізу» бойынша сотқа дейінгі іс қолға алынып, сараптама тағайындалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталу үстінде, - деп түсіндірді ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.

Оқи отырыңыз:

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға