Жаңалықтар

Көкөніс қоймаларының көпшілігі бос тұр, себебі сақтау құны тым жоғары – Жанарбек Әшімжан

Көкөніс қоймаларының көпшілігі бос тұр, себебі сақтау құны тым жоғары – Жанарбек Әшімжан
Фото: t.me/mazhilis_kz 19.06.2023 11:18 838

Үкімет сағатының отырысында депутат Жанарбек Әшімжан қуаты мың тоннадан асатын көкөніс қоймасы салынса да, көпшілігі бос тұрғанын және өз мақсатында жұмыс істемей тұрғанын айтып мәселе көтерді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Депутаттың айтуынша, қоймалардың сақтау құны тым жоғары, оны қарапайым ауылдың фермерлерінің қалтасы көтермейді.

Мемлекет тарапынан қолдау жасалғанда, неге нақты осы көлем белгіленді? Ауылдық елді мекендердің тұсынан қуаты тоннадан асатын көкөніс қоймасын салуға не кедергі? Осы бағытта сіздердің қандай жоспарларыңыз бар? – деп ауыл шаруашылығы министріне сұрақ қойды.

Аталған сауалға министр 2021-2022 жылдар бойынша жоспар орындалғанын және алдағы үш жылда қоймалар саны төрт есе ұлғаятынын айтты.

Мың тонна болудың тиімділігі бар. Одан төмен болса, 100-500 тоннадан субсидиялайтын болсақ, оның тиімділігі де болмайды. Қазіргі таңда өз-өзімізді қамтамасыз етіп алайық, – деді Ербол Қарашөкеев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға