Жаңалықтар

Клезмер музыкасын тыңдап көрдіңіз бе?

Клезмер музыкасының тарихы және "Клезмер музыкасы" фестивалі туралы
Клезмер музыкасын тыңдап көрдіңіз бе?
08.08.2017 11:29 6159

Клезмер музыкасы өзгеше стилдегі, бастапқыда неке қию салтанатында ойнатылған Шығыс Еуропа еврейлерінің тұрмыстық музыкасы.

«Клезмер» сөзінің өзі идиш тіліне аударғанда «клей» - аспап және «земер» - өлең деген екі сөзден тұрады.

Ал бұл музыканы орындаушыларды клезмерлер деп атайды.

Клезмер өз бастауын ежелгі еврейлік фальклорден алады. Сонымен қатар, Оңтүстік-шығыс Еуропа, негізінен Молдова, Бессарабия,  румындық Буковина, оңтүстік Украина жерлерінде де кеңінен тараңан. Алғашқыда клезмер музыкасы үйлену салтанатында ойналатын музыка ретінде пайда болған. Сондықтан оның музыкалық құрылымы дәстүрлі неке қию салтанатының музыкасына ұқсап кетеді.

Жазбаша түрде «клезмер» сөзі алғаш рет XVI ғасырдағы манускриптегі жазбаларда кездеседі. Ал «Клезмерлік музыка» терминін қолданысқа 1938 жылы кеңестік музыкатанушы Мойше (Моисей Яковлевич) Береговский енгізген.

Музыка тарихына жүгінетін болсақ, еврейлердің музыкасы естен кетпес ойрандар мен испандық тоқтамас қудалау және қырып-жоюдан туған. Нәтижесінде, көптеген ғасырлар бойы еврейлік музыкалық ойды білдіру қайғылы үнмен боялып синагогалық орындау пайда болды.

Нәтижесінде, көз жасы бейнесі екі мың жылға жуық қудалаудың интонациялық символына айналды. Сөйтіп біртіндеп жыламсыраған интонация еврейлердің музыкасының барлық түрлеріне ене бастады.

Ал ойшылдар еврейлерге музыкалық аспаптарда ойнап, көңіл көтеруге тиым салған. Алайда нан алып жеуге ақшасы жоқтарға музыкалық аспапта ойнап қайыр сұрауға рұқсат берілген.

Сөйтіп, еврейлер өзге халықтардың неке қию салтанаты сынды өзге де көңіл көтеретін кештеріне барып аспаптарда ойнап ақша табатын болған. Өзге ұлттардың оларға деген көзқарасы да әртүрлі болған деседі. Клезмерлерді жалдаушылар, өздерінің ойынша, күлкілі идиштік музыкалық аспаптың өзгеше дыбыстауын әжуалаған жағдайлар да кездесетін. Бірақ көбіне олар еврейлерді қуана қарсы алатын дейді ескі жазбаларда.

Соның салдарынан, уақыт өте келе еврейлік музыка өзге ұлттардың ықпалымен өзінің міндетін өзгерте бастады. ХХ ғасырда клезмерлік музыка кеңінен тарала бастады. Клезмерлік музыканың уақыт өте келе танымалдылығы мен сұранысының артуын музыкатанушылар оның түрлі мәдениеттердің көпжылдық байланысының тарихи естелігі мен әуенінің эстетикалық тартымдылығынан деп түсіндіреді.

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіндегі Израиль елінің Ұлттық күндері аясында Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары да атақты клезмерлік музыканы тындауға мүмкіндік алды. Клезмер музыкасы фестивалінің басты қонағы заманауи стильдегі фольклорлық әуендерімен тыңдармандарын баурап алатын, әлемге әйгілі израильдік «Di Gasn Trio» тобы болды.

Бастауын неке қию салтанатында орындалатын әуен ретінде алған клезмерлік музыка қазіргі уақытта бір жанрмен шектеліп қалмаған. Мұна фестиваль барысында «Di Gasn Trio» клезмер музыкасын джаз, панк, тіпті рок стилінде де құбылтып орындау арқылы тыңдармандарына қуаныш сыйлап, олармен бірге би билеп, көңіл-көтерді.

Толығырақ арнайы оқырмандарымыз үшін дайындаған видео материалдан көре аласыздар.

АВТОРЫ: А.РАКИШЕВА

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға