Жаңалықтар

Үкімет басшысы зейнет жасын төмендету мәселесіне қатысты пікір білдірді

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда әйелдер үшін зейнетке шығу жасы 60 жас және алты айға дейін ұлғайды.
Үкімет басшысы зейнет жасын төмендету мәселесіне қатысты пікір білдірді
12.07.2022 22:09 1182

Бұл мәселе Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде зерделеніп жатыр. Қоғам өкілдерімен де бірнеше кездесу өткізілді. Бұл туралы Qazaqstan телеарнасына берген сұқбатында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды El.kz.

– Бұл мәселе қазір Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде зерделеніп жатыр. Қоғам өкілдерімен де бірнеше кездесу өткізілді. Егер адамдар зейнетке ерте шығатын болса, онда зейнетақы мөлшері азаятынын түсінуі керек. Бірақ қоғам осы мәселені талқылап жатқандықтан, оны жан-жақты зерттеу қажет, – деді ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, қазір аталған мәселені зерттейтін арнайы жұмыс тобы құрылған.

– Салалық министрлік атқарылған жұмыс нәтижелері бойынша тиісті ақпарат береді деп ойлаймын, – деді Үкімет басшысы Әлихан Смайылов

18 мамырда Үкімет дәлізінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкімет зейнетақы жасын төмендету мәселесін биылғы жылдың соңында шешетінін айтқан болатын.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда әйелдер үшін зейнетке шығу жасы 60 жас және алты айға дейін ұлғайды.

Әйелдер үшін зейнеткерлік жасты арттыру 2018 жылдан басталды. Сонымен, 2027 жылға қарай ол ер адамдар секілді 63 жастан бастап зейнетке шығатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға