Жаңалықтар

Кей астаналықтарға отын сатып алу үшін көмек беріледі

Әлеуметтік көмек
20.10.2016 11:19 3517

Пешпен жылытылатын жер үйлерде тұратын астаналықтарға отын сатып алу үшін көмек көрсетіледі. Бұл туралы Елорданың жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы хабарлап отыр.

Кей астаналықтарға отын сатып алу үшін көмек беріледі

Көмек  жас бойынша зейнеткерлер, мүмкіндіктері шектеулі ересектер және балаларға көрсетіледі. Сонымен бірге тұрғын үйдің меншік иесі болмауға тиіс. Отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен немесе 81 318 теңгеден аспауға тиіс. Өтемақы жылыту маусымына 8 айлық есептiк көрсеткiш (16 968 теңге)  көлемінде төленеді. Егер қатты отынды сатып алуға өтемақы алуға құқығы бар бiрнеше адам бiр жеке меншiк тұрғын үйде тұрған жағдайда, өтемақы тек қана бiреуiне берiледi. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші жылыту маусымы кезеңінде Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасына Иманбаева көшесі, 16 мекен-жайы бойынша жүгіну қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға