Жаңалықтар

Келешекте қай мамандыққа сұраныс өседі?

Болжам
Келешекте қай мамандыққа сұраныс өседі?
12.01.2017 10:30 5965

Қазіргі даму қарқынымызға қарасақ, енді бір 10 жылдың ішінде еңбек нарығында біз түсімізге де кірмеген түрлі өзгерістер болатын сияқты. Ол кезде жаңадан ашылған мамандықтарға сұраныс көбейіп, қазір танымал кәсіптердің «тауы шағылуы» бек мүмкін.

Алдағы 10-20 жылда сұранысқа ие сапалы маман болу үшін сізге өз біліктілігіңізді арттыру туралы қазір ойлану қажет. Бәлкім, болашағыңызға қажет мамандықты қазір оқып аларсыз?! Ал, өз салаңыздан кеткіңіз келмесе, бәсекелестік қабілетіңізді арттыруға тура келеді. Әйтпесе, кейін көштің соңында қаласыз.

Ақпараттық технологиялар белсенді түрде дамып жатқандықтан, келешекте дәл осы салаға білікті мамандар қажет болады. Сондай-ақ, желілік заңгерлер мен мультивалюттік аудармашылар да жұмыссыз қалмайды. Жол жөндеу саласында істейтіндер білімін арттырып, «ақылды жолдар» салудың хас шеберіне айналуға тырысқаны жөн. Өйткені, оларға арада бірнеше жыл өткенде заманауи жолдарды жаңаша құрылғылармен бақылауға тура келеді.

«Ақылды технология»

Сарапшылар алда 3D-баспасы мен smart-технологиясының дүмпу кезеңі келе жатқанын айтады. Енді 3D-баспасының көмегімен робот шығаратын инженер мен 3D-баспасын жобалаушыға сұраныс артады.

2022 жылға қарай күллі адамзатқа қолжетімді ақпарат цифрланатын болады. «Ақылды» ортаға Жер бетіндегі барлық жеке тұлға кіре алады. Ол кезде компьютерлер жекелеген объект болудан қалып, ақпарат «жүйке жүйесі – компьютер – желі» атты жаңа технологиямен таралады. Ал, жүйке жүйесінің мүмкіндіктерін нанотехнология мен биотехнология салалары жетілдіретін болады.

Бұдан былай білім беру ісі тек мектеп және жоғары оқу орындарымен шектелмейді. 2020 жылға қарай білім беру моделі бастан-аяқ қай қаралуы мүмкін. Кез келген маманның игерген білімі актив ретінде қарастырылады. 2030 жылға қарай мектеп бұрынғыша жай ғана мектеп емес, университет сияқты болады деп болжанып отыр. Өйткені, онда оқытудың сан алуан формалары жүргізіледі.

«Болашақтың адамдары» әдемі қартайғысы келеді

Келешек кез келген саладағы кәсіби маманның өзін-өзі жетілдіру мәселесіне деген сұраныс күшейеді. Қарт кісілерге білім беретін бағдарламалар көбейеді. Тұқым қуалайтын аурулар және гендік проблемалармен IT-генетиктер айналысатын болады.

Тағы бір керек мамандық – генетикалық кеңесші. Ол емделушілерге генетикалық зерттеулердің нәтижесіне сүйене отырып, кеңес береді. Молекулалық диетолог әр адамға жекелеген ас мәзірін құрумен айналысса, «әдемі қартаюға» кеңес беретін маман физикалық жұмыс күшінің мөлшерін бақылайды. Сонымен қатар, технологиялар дамыған сайын ғарыш туризмі, ғарыштық биология және ғарыштық геология салаларының мамандарына сұраныс артады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға