Жаңалықтар

Кедендік баж келісімін ратификациялау туралы заң жобасы мақұлданды

Кедендік баж келісімін ратификациялау туралы заң жобасы мақұлданды
Фото: sn.kz 09.02.2023 11:03 1447

Сенат Еуроодақпен кедендік баж келісімін ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында қаралды, деп хабарлайды El.kz  ақпараттық агенттігі.

«Кедендік әкелу баждарының соммаларын есепке жатқызу және бөлу оларды мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібі туралы хаттаманы іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жоғары аудит органдары мүше елдерде аталған тәртіптің сақталуына бірлескен бақылау іс-шараларын жыл сайын өткізіп отырады. Тиісті келісім жобасын Еуразиялық экономикалық комиссия мүше мемлекеттердің жоғары аудит органдарының мүдделі министрліктері мен сарапшыларымен бірлесе отырып әзірлеген болатын және оған одаққа мүше мемлекеттердің басшылары 2021 жылы 16 қарашада қол қойды», - деді ҚР Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі Ардақ Теңгебаев.

Аталған келісімге сәйкес бақылау іс-шарасының келесідей мақсаттары қарастырылады. Кедендік әкелу баждарының соммаларын есепке жатқызу; уәкілетті органдардың оларды толық және уақытылы аударуы; уәкілетті органдардың кедендік әкелу баждарының соммаларын бөлу нормативтерін сақтау; мүше мемлекеттердің қазынашылдықтары бақылау іс-шарасының обьектілері болып айқындалған. Бұдан басқа жоғары аудит органдарының сұрау салуы бойынша орталық кеден органдары мен ұлттық банктер қосымша ақпарат ұсынады.

«Бірлескен бақылау іс-шарасы жыл сайын өтеді. Оны мүше мемлекеттердің жоғары аудит органдарының өкілдерінен құрылатын бірлескен бақылау тобы жүзеге асырады. Іс-шараның қорытындысы бойынша жиынтық есеп қалыптастырылады. Ол бұзушылық фактілерін талдау нәтижелерін уәкілетті органдардың жазбаша қарсылықтарын қарау қорытындыларын анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі тұжырымдар мен ұсыныстарды қамтиды», - деді Ардақ Теңгебаев.

Сондай-ақ, келісімде анықталған бұзушылықтарды жоюдың және жоғары аудит органдарының ұсыныстарын іске асырудың келесі тетіктері көзделген. Біріншіден, аудит органдары тексеру нәтижелері туралы жиынтық есепті өз елінің үкіметтеріне жібереді. Екіншіден, мемлекеттік органдар белгіленген мерзімде анықталған бұзушылықтарды жойып, ұсыныстардың іске асырылуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдап, өз елінің үкіметі мен жоғары аудит органына хабарлайды. Үшіншіден, жоғары аудит органдары бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты келесі жылдың жиынтық есебінде көрсететіндігін атап өтті.

«Осы келісімді ратификациялау нәтижесінде бірыңғай тәртібін белгілеп жүргізу тәсілдері мен құралдарын анықталған бұзушылықтарды жою тетігін бір іздендіруге мүмкіндік береді», - деді ол.

Сенат депутаттары келісімді ратификациялау бойынша заң жобасын мақұлдады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға