Жаңалықтар

Қажықұмар Шабданұлының өмір жолы

Қытай қазақтарындағы жазба әдебиеттің негізін қалаған жазушы
Қажықұмар Шабданұлының өмір жолы
15.04.2017 10:21 6363

Шабданұлы Қажықұмар халқаралық деңгейдегі, тіпті Қытай қазақтарындағы жазба әдебиеттің негізін қалаған, арғы беттегі ағайынның дүние танымын өзінің адал еңбегімен өзгертіп, санасына сәуле шашқан ұлы жазушылардың бірі.

Елбасы «Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болу керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы»  деп Жолдауда атап көрсеткен еді. Қазақ елінің ұлттық идеясын, біртұтастығын көксеген жазушының өмір жолы қандай еді?  

Қазақ әдебиетінен өз орнын еншілеген, өмір жолы басқаларға ұқсамайтын жазушы, драматург, Қытай қазақтарының негізін салушы Қажықұмар Шабданұлыны 1925 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Таңсық елді мекенінде дүние есігін ашқан. 1930-жылдардың басында елдің ішін жалаңдап, жауыздардың қолымен жасалған аштық жайлаған тұста, тірі адамға тіршілік керек екенін, қайда барсада қазақ болып қалатынына сенген ата- анасы, қолынан жетектеп, жаяулатып, тау асып, тас басып, арып-ашып, өзі ашаршылықтан өзегі талған, елін, туған жерін қимаған бейуаздар  бас сауғалап,  Шығыс Түркістанның Дөрбілжін ауданына ауып барады. Осы жерде тіршілік жасап, біреудің қас- қабағына қарап, жалтақтай жүріп жан сақтап, отбасын амандап қалған ата- анасы енді балаларын білім алу жолына түсіреді, сүйтіп 1940 жылы Дөрбілжін қаласындағы орталау мектепті бітіреді. 1941-1945 жж. Үрімжі қаласындағы (Шығыс Түркістан) педагогтік мектепте оқыған. 1944 жылы  Үрімжіде оқып жүрген кезінде ұлттық азшылықтар көтерілісіне байланысы бар деген айыптаумен Қытай билік орындары тарабынан қудаланып абақтыға түскен, жазушының тар жолы осыдан басталады. Артынша ақ екеніне көз жеткізіп, ұрпақ тәрбиесіне етене араласады, 1946-1951 жылдары  Дөрбілжін орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істеген. Қызымет істей жүріп, алыс- жақындағы елдің жақсылы жаманды хабарларына да құлақ түріп, өзінің кіндік қаны тамған Қазақстандағы жағыдайлардан да толық хабар алып тұрады. Артынша жергілікті халықтардың мәдени-ағарту көтерілісі кезеңінде Дөрбілжіндегі «Қазақ-қырғыз ұйымын» басқарған.

1952 жылдары қызмет бабымен Үрімжі қаласына шақырылып әуелі «Одақ» журналының, кейін «Шұғыла» журналының бас редакторы болып қызымет атқарып жүріп, кейіннен 1958 жылы «оңшыл», «солшыл» деген саяси айыптаулармен бас бостандығынан айырылып сотталған. Кесілген жазасын Такламакан шөліндегі Тарым лагерінде өтеп, сол абақтыда 22 жылдай бойы мерзімді өткереді. 1980 жылы жазасын өтеп әрі ақталып бостандыққа шығады. 1986 жылы Қазақстандағы ұлы көтерілістің дүмпуімен ұлттық дербестікті көздейтін «Үміт» атты партия құрды және Қазақстанның астыртын ұйымдарымен байланыс жасады деген айыптаулармен, шетел жансызы деген желеумен 15 жылға бас бостандығынан айырылып жазаланады. Жаза мерзімін Үрімжі қаласының № 1 түрмесінде өткізеді. Бұл түрме сол кездегі Қытайдағы ең ауыр қылмыстылардың жазаланатын түрмесі саналған.

Көрнекті жазушы. 1925 жылы Аягөздің Таңсық елді мекенінде туған. 1932 жылғы ашаршылық тұсында қытайдың Тарбағатай жеріне өткен. 1942 жылы Үрімжідегі педагогикалық училищеде оқыған. 1951 жылдан 1978 жылға дейін Тарым жаза лагерінде болған. Шинжиаң халық баспасы жағынан 1982 жылы «Қылмыс» романының 1 томы, 1986 жылы 2 томы жарық көрген. 3 томы баспадан жинап алынған. 1986 жылы əр түрлі жалалармен қолға алынып, қайтадан түрмеге түскен. 2000 жылы мерзімін өтеп шыққан. 2000 жылдан 2005 жылға дейін үйінен ұзап шықпайтын, сыртқы бақылауда болған. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығынан 2004 жылы «Пана» романы, 2005 жылы «Қылмыс» романының 1 томы жарық көрсе, 2009 жылы «Қылмыстың» 6 томдығы тұтастай жарық көрді.

Жастайынан жанына түскен қара дақ ақыры қайнаған кекке ұласып, ұлтым үшін ұлы іс жасаймын деген бала жігіт, сол кездегі Қытайдағы ірі оқу орындарын бітіріп, сонымен қатар сол кездің өзінде талайдың көзіне түсіп, ел ағаларының алдында елеулі бола бастайды. Ел іші емес сыртқы саясатпен де қым- қуыт заманда жүрседе хабардар болып жүреді. Кіндік қаны тамған атамекендегі болып жатқан зобалаңдарды да бес саусағындай білетін жүректі бала жігіт «Алаш орда» көсемдерінің ұстанымын өзіне бағыт етеді. Сонымен ол ең әуелі елдің рухын көтеру керек екенін ұғынып, сол үшін рухты өлең, ұлттық намысты оятатын мақала жазып, шығармашылық жолын бастайды. Жергілікті халықтардың мәдени-ағарту көтерілісі кезеңінде Дөрбілжіндегі «Қазақ-қырғыз ұйымын» басқарған. Алғаш рет 1958 жылы «оңшыл», «солшыл» деген саяси айыптаулармен сотталып, 22 жылға бас бостандығынан айрылған Қажығұмар жазасын Такламакан шөліндегі Тарым лагерінде толық өткеріп, 1980 жылы бостандыққа шығады, талайды басынан өткерген жазушының бостандықтағы өміріде ұзаққа бармады, тағыда тас қамаққа қамалады.

1986 жылдың желтоқсанында ұлттық дербестікті көздейтін «Үміт» атты партия құрды және Қазақстанның астыртын ұйымдарымен байланыс жасады деген айыптаулармен, шетел жансызы деген желеумен 13 жылға екінші мәрте түрме жазасына кесіледі. Бұл жаза мерзімін ол Үрімжі қаласының №1 түрмесінде орта жасқа келген кезінде қазына кеудесі толы сағынышпен өткізеді.
Қытай өкіметі тарабынан саяси себептерге байланысты қудаланғаны үшін Қажығұмар Шабданұлы қамауда отырған кезде адам құқығын қорғау жөніндегі «Халықаралық рақымшылық» (Амнести интернешнл) ұйымы оны «ар-ождан тұтқыны» деп танып, Қытайдың құзыретті ресми орындарынан ол кісіге байланысты әділ тергеу мен ашық сот жүргізуін жүйелі түрде талап еткен.

Бүкіл дүниедегі қазақтардың бір ниет, бір тілекте болып осыншама жанашырлық танытуының да өзіндік себебі бар, кезінде Шығыс Түркістан құрамыз деп барын салған «Алаш орда» қайраткерлерінің шекара сызығының арғы жағыда ежелгі қазақ мекені екенін біліп,  арғы- бергідегі қазақтың рухын көтеруге атсалысқаны белгілі, біз тілге тиек етіп отырған қазақтың көрнекті жазушысыда дәл осы тұста өмір сүрген, Әлихан аталарымыздың идеяларымен санасып, қытай қазақтарының көздерінің ашылуына бір кісілік ұлесін қосқан еді, осы тұсте ол туралы да сөз етпеуге болмайды. Дүние тарихы төңкеріліп түскен ХХ ғасырда империялық және ұлттық мүдделердің қақтығысы – әлем жағырафиясынан бастап, ұлттар мен ұлыстардың, жеке адамдардың тағдырына түбегейлі өзгерістер әкелді. Түсіндіріп болмайтын «түсінікті мүдделер» бүтін елді бұтарлады. бұтарланған жұртты бунақтады. «№ 453-Л» хаттама мен 1945 жылғы 11 ақпанда Ялтада өткен конференцияда И.Сталин, Ф.Рузвельт, У.Черчилль қол қойған «Үш ірі елдің Қиыр Шығыс мәселесі туралы бітімі» бойынша, Шығыс Түркістан Қытайдың құрамына беріліп, Сыртқы Монғолияның дербестігіне айырбасталды. Сөйтіп, олар тектік, діндік, тілдік негіздері мүлдем қабыспайтын ұлттардың құрамына біріктірілді.    Империялық «бөліп ал да билей бер» деген өктемдіктің кесірінен бүйрегі бүтін қазақ елі үшке бөлініп кетті.

Қазақстан үшін сондай мүдделі әрі ділгір, құпия да күрделі мәселе – әлмисақтан бергі ата қонысында отырған Шығыс Түркістандағы қазақтардың  тарихи тағдыры.  Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы нүктесінің бірі болып табылатын, Империялық мүдделердің қақпақылына түскен Шығыс Түркістан Республикасының құрылуы мен таратылуы  – ұлттық тұтастық пен ұлттық ыдыраудың тарихи, саяси, рухани және териториялық түйткілдері тәуелсіздік алғанға дейін өз тарихынан өзі жеріген қазақ тарихнамасында мүлдем зерттелмеді. Қазақ тарихшылары үшін ол беймәлім күйде қалып келген тақырыпқа айналды.

Назира Тохан

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға