Жаңалықтар

Қазақ хандығы және қазақтардың тарихындағы түрктер мұрасы

Қазақ жерінде қалыптасқан мемлекеттік тарихы тек Қазақстан Республикасы үшін ғана емес, қазіргі тарих аясында да өзекті мәселелердің бірі болып табылады
Қазақ хандығы және қазақтардың тарихындағы түрктер мұрасы
19.03.2018 16:31 7230

Қазақ жерінде қалыптасқан мемлекеттік тарихы тек Қазақстан Республикасы үшін ғана емес, қазіргі тарих аясында да өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Халықтар тарихы контексіндегі кез келген қоғамның қазіргі реалийлері өзіндік сананың оянуына және Еуразия территориясындағы қазіргі мемлекеттердің барлық этностарының өзіндік ерекшеліктерін анықтауға әкелген.

Халықтар тарихын бір сарынға салу және жасанды тосқауыл бола отырып, «кеңестік» ұлтты қалыптастыру әрекетімен сипатталатын КСРО шеңберіндегі тарихи ойдың ұзақ мерзімге тоқырауы ТМД шеңберінде де меңгеріледі. Қазақстандық тарихшылармен көзге түскен, танылған, зерттелген, мыңдаған ғасырлармен өлшенетін, этнографиялық және археологиялық құжаттамалармен дәлелденетін, байырғы ата мекені қазақ жеріндегі, халықтың дамуы еліміздің жақын шекаралас көршісі болып табылатын елдер үшін де аксиома болып танылған жоқ, бұл өз тарапынан БАҚ-та көрініс тауып жатқан негізсіз әңгімелердің таралуына негіз болған.

Бірін-бірі дәлелдейтін және өзара қиысатын деректер көзі қатарынан тұратын тарихи заңдылықтар, олар негіздеген маңызды критерийлер қатарына назар аудартады. Мемлекеттің этногеографиялық шекарасы қалай қалыптасады? Этникалық ұқсастық қандай критерийлерге негізделеді? Нақты бір қоғам идеологиясының негізінде не жатыр?

Жоғарыдағы ойлар атаынып өтілетін Шу өзендерінің бойында Жәнібек пен Керей хандар құрған Қазақ хандығының 550 жылдығымен байланысты өрбіп жатыр. Әлде бұл кездейсоқтық па?

Әр халықтың рухани мәдениетінің тарихи дамуы тілінде, мәдениет тарихында, географиялық кеңістігінде көрініс табады. Ономастикалық атаулардың қалыптасуына, оның этимологиясына халықтың өмірімен, даму жағдайымен және жетістіктерімен байланысты ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлік көріністердің барлық спектрі көрініс табады. Тіл дамуының ерекшеліктеріне халықтың генетикалық жадысы, дүниетанымдық көзқарас ұстанымдарының алмасуына немесе кеңістікте орын ауыстыруына әсер ететін объективті жағдайларға қарамастан, олардың құрылуы туралы тарихи фактілер мен маңызды деректер сақталынатын азаматтық ұстанымы көрініс табады. Қазақстанның географиялық топонимдері мен антропонимдерінің атауларын лексикологиялық және этимологиялық тұрғыдан зерттеу, қазақтардың тек тілінің ғана емес, сонымен қатар байырғы бай тарихының да дамуының куәсі болып табылады. Қазақ топонимдерінің қалыптасу тарихы контексінде антропонимия мен топонимия мәселелерін зерттеу үшін таптырмас дереккөзі болып табылатын эпикалық шығармалардың материалдары үлкен рөл атқарады.

«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» лиро-эпикалық дастанындағы антропонимдер мен топонимдер мысалдарына негізделген кешенді жүргізілген зерттеулер өнімділігін көрсеткен және қазақ халқының этникалық мәдениетінің, соның ішінде тілдік мәдениетінің даму тарихы бойынша дереккөз ретінде пайдалану мүмкіндігін арттырған. «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» поэмасының пайда болу дәуірі VI-XII ғасырларға жатады және де эпикалық шығарманың ономастикалық атаулары бойынша дерек құрамына 75 географиялық атаулар, соның ішінде 32 гидроним, 22 ороним, 21 ойконим, сонымен қатар 50 антропоним кіріп ерекше тарихи құндылыққа ие, әрі бағалы лексикологиялық материал болып табылады. Поэмада кездесетін көптеген топонимдерді қазіргі кезде де кездестіруге болатынын ескерсек, топпонимдердің қалыптасу тамыры Қазақстан аумағында байырғы өз жерінде қалыптасқаны туралы нақты айтуға болады.

Дастанда келесі топонимдер көрсетілген, соның ішінде төмендегідей танымал гидронимдер де бар: Аякөз, Есіл, Нұра, Сарысу, Ұзынбұлақ, Балқаш, Жайылма, Лепсі, Ұржар, Іле, Шу, Талас, Бақалы, Зайсан, Жетісу.

Оронимдер қатары келесі атаулардан тұрады: Алатау, Қаратау, Сауыр, Сойқал, Шыңғыс, Қалба, Мыржық, Ақшатау.

Поэма ойконимдеріне төмендегідей атаулар кіреді: Қызылжар, Қарқаралы, Тәшкент, Қоқан, Ақжар, Өленті, Шідерті, Шолаққорған, Қаракөл, Түркістан.

Маңызды топонимдердің бірі Кіндіктас тау жотасының атауы болып табылады. Кіндіктас оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа созылса, Хантау жотасы да осы бағытта орналасқан, ал Шу мен Талас өзендерінің батыс жағынан солтүстікке қарай Қаратау тау жотасы орналасқан.

Тарих толқынында жоғарыда аталған мекендер адамзат дамуының барлық кезеңдерін қамтитын көптеген ескерткіштерге бай, мәселен, тас ғасырынан бастап, Түрк қағанаттары одан кейін Қарахан мемлекеті дәуірімен жалғасып, Қазақ хандығының қалыптасуына дейінгі кезеңдерді қамтыған.

Тілдердің қыпшақ тобының ажырамас бөлігі болып табылатын қазақ тілінің дамуы және қыпшақтардың жазбаша әдеби тілінің қалыптасуы хакания және қарлұқ-қыпшақ тілдерінің көркеюіне алып келді. Түркістан аумағын мекендеген, басым көпшілігі қазіргі Қазақстан аумағы болып табылатын, Ертістен бастап Сырдарияға дейінгі территорияда тұрған түрк-тілдес тайпалардың арасында пайдаланылған тілдік материалдарды салыстыру әдісі негізінде зерттелінген Махмұд Қашғаридің «Диуани лұғат ат-түрк» еңбегі түрк жазбасының құнды ескерткішіндегі деректер де, жоғарыдағы ойды растайды. Сөздікте түрк тайпаларының тілдері бойынша көптеген грамматикалық және диалектологиялық ескертпелер берілген; еңбекте 291 мақал мен мәтел, 300-ге жуық түрлі мазмұндағы өлеңдер үзінділері, сонымен қатар тақпақтар бар. Сөздікте, автормен ХІ ғасырда қолданылған материал ретінде жиналған 31 түрк диалектісінің лексикасы көрініс тапқан. Барлығы 414 белгі бар, олардың ішінде тек 21 белгі ғана бір диалектінің көрсеткіші болып табылады. Сөздікте «ұйғыр» белгісімен 10 сөз беріліп тіркелген. Махмұд Қашғаридың пікірі бойынша, ұйғырлар түрк тілінде сөйлегенімен, сонымен қатар олардың өзара сөйлесетін өздерінің тілдері болған және 24 белгіден тұратын ерекше жазу түрін қолданғандығын жазған. Махмұд Қашғаридің пікіріне сүйенсек, ең жеңіл тіл оғыз тайпаларының тілі болса, ал ең таза тіл – тохсы және яғма тілі: 12 сөзде «яғма» белгісі, ал бесеуінде «тохсы» белгісі тұр. Бұл аталмыш тайпалардың қалыптасқан тілдері болғандығын дәлелдейді. Билік адамдары, сарай тұлғалары әрқашанда және қай жерде болмасын шет тілінде немесе ауызекі сөйлеуден ерекшеленетін жоғары стильді пайдалана отырып, ана тілдерінде сөйлеуді қалаған. Сондай тілдердің бірі, Қашғари жиі еске алатын «хақания» тілі болып табылады. Бұл аралас тіл қарахан мемлекетінің әдеби тілінің негізіне алынған деп жорамалдаған. Бұл тілде араб және парсы элементтері, күрделі араб-парсы оралымдары мен сөз тіркестері аз болатын, бірақ архаизмдерге өте бай келетін. Олардың көбі тек әдеби тілдің ғана мұрасы болған.

Оғыз тілінің қалыптасу кезеңі қарлық-қарахан дәуіріне жатады. Оғыз жазба тіліне қыпшақтардың, йемектердің, печенегтер мен бұлғарлардың диалектілерінің толыққанды құрамдас бөлшектері енді. Оғыз жазба тілі де аралас болған. Махмұд Қашғаридің түрк сөздеріне жасаған белгілері шігіл, арғу, қыпшақтар мен көршілес орналасқан оғыз тайпалары басым мекендеген жерлерден жиналғанын куәландырады. Қалған белгілердің мәнін аша отырып, яғма, йемек, тохсы, қай секілді ру мен тайпалар мекендеген аумақтарды жүріп өткен Махмұд Қашғари олардың халық санының көп құрамының өкілі болмағанын және негізгі халықпен қатты араласып кеткендігін, сонымен қатар олардың сөйлеуі оғыздардың, қыпшақтардың, шігілдер мен арғулардың диалектілерімен қосылғандығын көрсетеді.

Оғыз тайпалардың негізгі бөлігі Сырдарияның төменгі ағысынан Арал теңізіне дейін аймақты мекен еткен. Сонымен қатар Хорезм мен Әмударияның төменгі ағысынан Каспийге дейінгі өңірлер де кірген. Оғыздарға көршілес қыпшақ тайпалары оғыздармен жиі араласып отырған. Ол кездерде қыпшақ тайпалары шығыста Ертістен бастап Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі жерлерді қоныстанған. Шігілдер Ыстық көлдің солтүстігінен Іле өзеніне және батыста Шу өзеніне дейін аумағында мекен еткен. Оңтүстікте олардың көршілері қарлық тайпаларының жерлері Тараз – Талас пен солтүстікте Шуға дейін жеткен. Мысалы, Махмұд Қашғаридің келтіретін сөздерінен көбісі сақталмаған, бірақ сақталғаның ішінде: құм, оң, сіз сияқты сөздер сөздікте «шігіл» деп белгіленген.

Сипатталатын дәуірдің мәдени орталығы Баласағұн арғу, шігіл, қарлық тайпаларының мекен еткен аймағының ортасында орналасқан екен. Бұл тайпалар орналасқан жерінде ескі ұйғыр және жаңа ұйғыр тілінен айрықша аралас әдеби тілі қалыптасқан. Сондықтан бұл әдеби тілге шігіл және қарлықтардың тілдері әсер еткеніне болжамдауға болады. Махмұд Қашғаридегі көптеген «арғу» белгілері оның арғу тайпасының арасында өмір сүруі мен мағлұмат жинауын көрсетеді. Оның айтуы бойынша арғу тайпасы Испиджаб пен Баласағұн арасында Талас және Шу өзендерінің орта ағысында мекен етті. Баласағұн, Мерке, Талас қалаларында белгілі бір дәрежеде арғулар қоныстанған және олар оғыздардың мекен еткен жері Сырдарияның орта ағысына дейін жеткеніне болжамдауға болады.

Оғыздар мен қыпшақтар арасындағы туыстық қатынасы туралы, қыпшақтардың шығуы жайлы сақталған көптеген деректердегі аңыздар мен эпикалық жырларға сүйену қажет. Моңғолдардың тарихшысы лейб дәрігер Фазлаллах Рашид ад-Дин «Джами ат-таварих» еңбегінде айтуы бойынша, қыпшақтардың генеалогиялық тарихы негізі оғыздармен байланысты. Ал «қыпшақ» этнонимі Оғыз ханымен берілген атауы. Сонымен қатар, екі өзеннің ағысымен жасалынған аралда (түрк тілінде «қыпшақ» сөзі – ағаштың атауы) ағаштың қуысында туылған балаға хан тарапынан қыпшақ есім берілгені туралы Хиуалық Абылғазы хан мәлімдеген. Қыпшақтардың Оғыз хан мен оғыздардың тарихына қатысты және қыпшақ атауының ағашпен байланысы жайлы «Оғызнаме» атты ұйғыр жазбасында кездеседі.

Қыпшақтардың идеологиясына қатысты этнонимдер, таңбалар және ұрандар туралы құнды мәліметтерді этнографиялық деректерде кездестіруге болады. Қытай деректерінде және көне түркі Онгин руникалық жазбасында сеяяньто жеті тайпасы jeti eren «қолбасшы жеті ер» деп аталынған. Бұл тайпаларға Үркер жұлдыз шоғыры қамқорлық етті. Махмұд Қашғаридың және Рашид ад-Диннің «Жылнамалар жинағы» еңбектерінде бұндай атауы бар тайпа оғыз тайпаларының тізімі арасында кездеседі. Бұл тайпаның таңбасын зерттеген Г.Н. Потаниннің айтуы бойынша суреттің «жоғары жағы тұйықталып, стильдендірілген жұлдыз бейнесі үш бүктеле иілген сызықтың бойында орналасқан. Бұл белгі жартастарға салынған кейбір суреттермен сәйкес келеді». Тайпа атауы Махмұд Қащғаридің айтуынша мағынасы «бұғы» - үркер атауына сәйкес келеді. Қыпшақтардың ұраны – «бәйтерек» сөзі ағаштың белгісі болып табылады. Аңыз бойынша бұл ағашта қыпшақтардың бабасы туылған. Қыпшақтардың таңбасы қазақтарда қос ағаш ретінде сақталған. Оның мағынасы екі ағаштың символы болып саналады. Қазіргі қазақтардың арасында топонимдер сәл өзгерген. Мысалы, Қатон-Қарағай атауы қайын мен қарағай ретінде белгіленетін тарихи символ. Этнографиялық дәстүрдегі қазақтың әйел жағынан туыстары қайын жұрт аналық руының қайын символы болып табылады.

Жошы ханның ұрпақтары өздерінің түрк руластарын құрметтеген. Олар өз бұйрықтарын түрк тілінде шығарып, дәстүрлі қағидаларын сақтаған. Ал өзі шығу тегіне байланысты ол түрк тайпасынан болған. Шығыс Дешті-Қыпшақ даласын өзіне мекен етіп таңдаған Жошы хан әкесі Шыңғыс ханның батысқа бағытталған жорығын жалғастырмай, кейінгі ұрпақтары мен Қазақ хандығын негізін салған әулет болған. Жошының тұлғасын зерттеуде белгілі түркітанушы Питер Голден оның есімінің этимологиясына қатысты деректерге тоқтала келіп, Жошының этникалық тегі мен есімінің мағынасы да түрктік деген қорытындыға келеді. Ол «Туши/Туси» деп дыбысталып, қазақ тілінде «түс» /жарқын түс деген мағынаны білдіреді дейді. Автор Жошы туылғанда Шыңғыс ханның «Мен оның түсін көрдім» деп айқайлағанын және сол сөздің оның есімі болғандығын жазған.

Ортағасырлық кезеңде Орталық Азия, Қазақстан мен Шығыс Еуропаны мекен еткен түрк тайпалары туралы жазба деректерде көптеген мәліметтер сақталған. Белгілі бір дәрежеде сенімді мәліметтер арқасында орта ғасыр кезеңіндегі Еуразияның ауқымды территориясындағы этникалық пен мәдени байланыстарды анықтауға болады. Жазба деректер мен археологиялық ескерткіштерді талдау нәтижесінде олардың мәліметтерінің сәйкес келетіні анықталды. Зерттелген кешендерді хронологиясы бойынша түйіндеуге мүмкіндік беретін археологиялық дереккөздерді кешенді талдау және түрк тайпаларының этнографиясы туралы деректермен бірге, мәдени генезисінің ерекшеліктерін анықтау, сипатталып отырған кеңістік аясындағы ортағасырлық түрк халықтарының мәдени және этникалық шоғырлану процесінің жалпы сипаттамасын қайта қалпына келтіруге қызмет етеді. Ерте дәуірлерде Түркістанның шығысын және бірінші ғасырлардан бастап оның батысы мен қазақ даласын, яғни бір территорияда ұзақ жылдар бойы мекендеуі әлемнің құрылымы туралы тұтас идеологиялық түсініктерін қалыптастыруына ықпал еткен. Түрктердің дәстүрлі дүниетанымының түп-тамырлары көптеген жазбаша деректерде сипатталып әртүрлі мәдени өнерлерде көрініс тапқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға