Осыдан бір ай бұрын Каспий жағалауында 100-ге жуық итбалықтың өлексесі табылды. Бұған жұрт таңданып, экологтар дабыл қақты. Бүгін үкіметте Каспий теңізі жағалауында итбалық пен аққудың жаппай қырылуына қатысты жағдай түсіндірді. Оқиға бойынша зертханалық зерттеулер мен алынған сынамаларды тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Естеріңізде болса, 17 сәуір күні Түпқараған ауданында 100-ге жуық итбалық пен ондаған аққудың өлексесі табылды. Ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып, жағдайды бақылауға алғанын хабарлаған.
Кейіннен Ауыл шаруашылығы және Экология министрліктерінің өкілдерінен оқиғаға қатысты жауап берді.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалиннің сөзінше, мұндай жағдайлар бірінші рет тіркеліп отырған жоқ және бұл табиғи құбылыстармен байланысты болуы мүмкін.
Мұндай жағдайлар бірінші рет болып тұрған жоқ. Бұл табиғи құбылыстармен байланысты, оның ішінде жер сілкінісі кезінде табиғи газ шығатын кездер болады. Бірақ, әдеттегідей, біз бұл өлекселерді шіріген күйінде табамыз, өйткені толқындар оларды жағаға шығарып тастайды. Біз тиісті сынамалар алып, зерттейміз, бірақ қанша рет жасасақ та, ешқандай ауру таппадық, - деп жауап берді Аманғали Бердалин.
Вице-министрдің сөзінше, мамандар тиісті сынамалар алғанын, зертханада қажетті зерттеулер жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Өз кезегінде экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев судағы ластаушы заттардың рұқсат етілген нормадан асуы анықталмағанын хабарлады.
Алынған су сынамаларында шекті рұқсат етілген концентрацияның асуы байқалмады, - деді Шәрбиев.
Каспийде қанша итбалық бар?
Маңғыстау облыстық балық шаруашылығы басқармасы Каспий итбалықтарының саны шамамен 270 мың басқа жететінін хабарлады. Олардың өміріне
Итбалықтың тіршілігіне қауіп төніреді:
- қолайсыз климат;
- теңізде көмірсутек өндірудің кеңеюі;
- қарқынды кеме қатынасы;
- торға ілініп қалу.
Жауапты мамандардың айтуынша, 2020 жылы қарашада Каспий итбалығы Қазақстанның Қызыл кітабына енді. 2024 жылғы қазанда «Каспий итбалығы» мемлекеттік табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесі құрылды. Балық шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 2023 жылдың басында шамамен 260 мың итбалық болса, 2024 жылы шамамен 311 мыңға жеткен.