Жаңалықтар

Каспий келбеті

Каспий теңізі - Еуропа мен Азия аралығындағы жер шарындағы ең үлкен тұйық көл.
23.07.2015 11:42 12578

El.kz интернет жобасы Қазақстанның көркем табиғатын насихаттау, оны қорғау, баршаға таныстыру, марқая мақтану мақсатында еліміздің тылсым сырға толы, таңғажайып табиғатына «саяхат» жасауды жалғастыруда. Бұған дейін «Шарын шатқалының шартарабы», «Әуезді Әнші құм», «Бесшатыр», «Көлсай көлдері», «Бұқтырма көлінің маржан суы», «Түрген – қазақ жеріне берілген табиғаттың тартуы», «Шығыс Қазақстанның өзен-көлдері, таулары, флорасы мен фаунасы» атты т.б. мақала, фоторепортаж, фотоальбом жарық көрді. Аустралиядан келіп қазақ жерінің әдемілігін, табиғатының тартымдылығын суреттер арқылы шебер сөйлете білген саяхатшымен «Қазақ даласын суретке түсірген жихангез кім?» атты көлемді сұхбат жарияланды. Қоршаған ортамызға қатысты айдардың бүгінгі саны «Каспий келбетіне» арналады.

Каспий келбеті

Каспий келбеті

Каспий келбеті

Каспий теңізі - Еуропа мен Азия аралығында орналасқан, дүниежүзіндегі ең үлкен тұйық көлдердің бірі.  Алып жатқан территориясының үлкендігіне қарап, оны «теңіз» деп те атайды.

Каспий келбеті

Каспий келбеті

Жалпы ауданы 376 мың км2  жерді алып жатыр, ал беті теңіз деңгейінен 28 м төмен жатыр. Зерттеушілер Каспий теңізін неоген кезеңінде жер қыртысының көтерілуінен Қара теңізінен бөлініп шыққан дейді. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 1 200 шаршы шақырым жерді қамтиды.  Каспий теңізінің территориясы тек Қазақстанды ғана емес, көршілес мемлекеттердің де еншісінде. Мәселен, Каспийдің елімізге  29%, Ресей Федерациясына - 9%, Әзірбайжанға - 20%, Түрікменстанға - 21%, Иран Ислам Республикасына  - 14% тиесілі. Теңізге 130-ға жуық өзендер мен ағынды сулар келіп құяды, соның арқасында Каспийдің суы үнемі толығып, жаңарып отырады.  Зерттеулердің қорытындысы бойынша Каспийдің су мөлшері жылдан-жылға азайып келген, соның нәтижесінде теңіз «Қызыл кітапқа» енгізілген.

Каспий келбеті

Каспийдің үлкен болуына байланысты мұнда балықтың түрлері де өте көп. Каспий Қазақстан халқын ғана емес, Ресей, Иран, Әзірбайжан мемлекеттерін де үлкен көлемде балықпен қамтамасыз етіп отырған теңіздердің бірі. Жыл сайын 5 мемлекеттің 10-нан аса балық зауыты 75 000 000 балық шабақтарын теңізге жіберіп отырады. Мұнда балықтың шортан, оңғақ, қызылқанат, алабұға, қаракөз, табан, көксерке, бекіре т.б. түрлері, ал құстардан калбағай, карабай, сары құтан, бүйра бірқазан, т.б. 270-тен аса түрі кездеседі.

Каспий келбеті

Каспий ойпатында өсімдіктің 88 тұқымдас, 371 туыс бірігетін 945 түрі өседі. Мәселен қамыс, теңіз шөбі, шалаң, егеушөп, арамот, мүйізжапырақ балдырдың бірнеше түрі осы жерге тән өсімдіктер.

Каспий келбеті

Каспий келбеті

Табиғатты бүлдіретін де, қорғайтын да адамдар. Мысалы, теңіз деңгейінің көтерілуіне және адамдардың арқасында мұнайдың теңізге төгілуіне байланысты теңіз суының құрамында мұнай өнімдерінің қалдықтары, фенол, хлорлы органик. пестицидтер, аммонийлы азот, ауыр металдардың мөлшері рұқсат етілген шектен бірнеше есе жоғары өсіп кеткен. Теңіз аймағының ластануы онда тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктерге, балықтар мен құстарға ғана емес, жергілікті тұрғындардың денсаулығына да үлкен кэуіп төндіру үстінде. Сол себепті, Каспий мәселесі күрделі аймақтык экологиялық проблемаға айналып отыр.

Каспий келбеті

Каспий келбеті

Каспий келбеті

Адамзаттық борышымызды азамат ретінде орындау баршаға ортақ игі іс. Сондықтан, мыңдаған шаршы шақырымды алып жатқан кең байтақ қазақ даласының табиғатын қорғау тек біздің қолымызда екенін ұмытпайық!!! 

Дайындаған: Құлжанбай тегі Арайлым

Суретке түсірген: Нұрланбеков Мұрагер 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға