Көйлек көк пен қара түсті ме, әлде ақ пен алтын түсті ме: ғылыми жауап

Кеше, яғни 26 ақпан күні Tumblr микроблогында  Swiked есімді интернет-пайдаланушы бір көйлейтің фотосын жариялап, оның түсі ақ пен алтын түсті ма, әлде көк пен қара ма деп сұрақ қойды. Автордың айтуынша, ол өз достарымен көйлек түсіне байланысты бір шешімге келе алмаған екен.

Көйлек көк пен қара түсті ме, әлде ақ пен алтын түсті ме: ғылыми жауап

Сурет тез арада танымал болып, пікір қалдырушылар тарапынан қызу талас тудырды. Бұл пікірталасты BuzzFeed порталы жалғастырып, өз оқырмандарына көйлектің түсіне байланысты сұрақ қойды.

Фото ағылшын тілді аудиторияны екі тарапқа бөлді. Бір жақ: көйлектің түсі ақ пен алтын түсті десе, екінші жақ көк пен қара түсті көруде.  

Mashable порталы бір офтальмологқа жүгініп, ол көйлектің түсі бұлай көрінуі жарықтың түсуіне байланысты және түсті қабылдау адам көзінің жеке қабілетіне байланысты деп түсіндірді. Оның айтуынша, миымыз көзімізге түсетін әртүрлі толқындағы жарық сәулелерін қабылдап, олардың түсін эмоционалды реакцияға байланысты анықтайды, сол себепті кей адамдар көлеңке жағдайда да ақ пен алтын түсті анықтай алады, ал өзгелері тек көк пен қараны ғана көре алады. Бұл офтальмолог ақ пен алтын түсті көретіндердің мүмкіншілігі көп дегенді меңзегендей болды.

Алайда, BuzzFeed түпнұсқа суреттің авторы Кейтлин Макнэйлге (Сaitlin McNeill) хабарласып, көйлектің іс-жүзінде көк түсті екенін анықтады. Бұл көйлек Кейтлин өнер көрсеткен тойдағы келіншектің анасынікі екен.

Бір апта бұрын келіншектің анасы аталмыш көйлектің суретін қызы мен болашақ күйеу баласына жіберген. Алғашқы келіспеушілік осы жерден басталған. Жас жұп суретке қарап көйлектің түсіне байланысты ортақ шешімге келе алмайды: біреуі көк пен қараны, екіншісі ақ пен алтын түсті көреді.

Той басталғанда қонақтар көйлектің шынайы түсіне көз жеткізіп, екіжақты пікір болмады.

Көйлек көк пен қара түсті ме, әлде ақ пен алтын түсті ме: ғылыми жауап

 

Алайда, сурет бәрібір екіжақты пікір тудырып отырды. Көйлектің шынайы түсін біле тұра Макнэйл фотоны Tumbler-ге салады.

«Алғашында 3-4 досым ретвит жасап, кейіннен 1 сағаттың ішінде менде 10 мыңнан астам хабарлама болды» – дейді түпнұсқа суреттің авторы.   

Қызық ақпарат

Британдық Roman Originals брендінің интернет-магазиндегі өкілінің айтуынша, көйлекке байланысты интернеттегі даудан кейін қоймадағы осы тектес көйлектер бір сағаттың ішінде сатылып кеткен. Қазір компания дәл осы дизайндағы көйлектің ақ және алтын түсті нұсқасын шығару жөнінде ойлануда.

Көйлек көк пен қара түсті ме, әлде ақ пен алтын түсті ме: ғылыми жауап

Осыған байланысты біз өзіміздің тәжірибеміздің жүргізіп, фэйсбук арқылы қазақстандықтардың пікірін білдік. Шындай-ақ, көйлек түсі біржақты аяқталмады. Тіпті кейбіреулер алғашында ақ пен алтын түсті көріп, кейіннен көк пен қараны көруде.

Интернетте бұл ерекше құбылыстарды ғылыми тұрғыда түсіндіруге тырысқан көптеген пікірлерді көре аласыз, алайда олардың кейбіреулер тым күрделі тілмен жазылғандықтан, қарапайым адамдарға ұғынықты болмауы мүмкін.

Есесіне @rebelashton есімді твиттер пайдаланушысы шағын зерттеу жүргізіп, өте ұғынықты ғылыми нұсқаны жариялады.

 

 «Алдымен анықтап алайық: көйлектің түсі көк және қара (осы көйлек сатылған интернет-магазин бойынша, google ұқсас суреттерді көрсетуі бойынша және менің компьютерімді сандық түсті анықтайтын бағдарлама бойынша)

Алайда кей адамдардың ақ пен алтын түсті көруінің және бір нүктеден қарағанда бір түс, екінші нүктеден қарағанда өзге түсті көруінің ғылыми түсініктемесі бар. Ең алдымен мына диаграммаға назар аударайық. Төмендегі түс спектріне қарасаңыз, көк түсті көруіңіз үшін сіздің көзіңіздегі фоторецепторларға қызыл, көк және жасыл жолақтар (жолақ дегеніміз толқын ұзындықтары) түседі. Қара түсті көрген кезіңізде сіздің көзіңіз тек көк жолақты ғана аңғарады. Міне осылайша сіз көк пен қараны көре аласыз.

Алайда сіз белгілі бір сәтте көк жолақты қабылдай алмадыңыз делік. Жасыл мен қызыл жолақтар көк жолақсыз қандай түсті береді? САРЫ. Және де көк жолақты қабылдай алмағандықтан, қара ақ болып көрінеді (яғни қараны сіздің көзіңіз көре алмай тұр).

Бірақ та неге кей адамдардың көзі көк жолақты қабылдай алмайды? Мұның негізгі себебі, көк сәуленің толқын ұзындығы өте қысқа (екінші графикадағы сол жағынан ең шеткісі) және оны көру кей адамдар үшін көру өте қиын. Адамдар табиғи түрде суық түстерге қарағанда жылы түстерді қабылдауға бейім тұрады, өйткені онда көк жолаққа қарағанда қызыл және жасыл жолақтар көп.

Көк жолақтарды көру қиын болғандықтан, кез келген нәрсе оны қабылдауға кедергі болуы мүмкін: телефондағы жарықтың жоғары болуы, көру бұрышының басқаша болуы, ағымдағы көңіл-күй және т.б.» 

Көйлек көк пен қара түсті ме, әлде ақ пен алтын түсті ме: ғылыми жауап

 Құбылыстың қысқаша жауабы – осы. 


Дархан Өмірбек

 

Оқи отырыңыз