Батыс Қазақстанда трансформатор будкасында тоқ соғып, екі қолынан айырылған төрт жасар балаға протез, ал оның отбасына пәтер сыйға тартылады, деп хабарлайды El.kz.
"Мой город" порталының хабарлауынша, шығынды бизнесмендер өз мойнына алған.
24 мамырда Жанғала ауданында тұратын төрт жасар Аманжол Орынбекұлын қатты тоқ соққан. Дәрігерлер оның екі қолын иық тұсынан кесіп тастауға мәжбүр болды. Аманжол әлі ауруханада жатыр, алайда жағдайы біршама жақсара бастаған.
Алматылық кәсіпкер әйел бала мен оның ата-анасына Оралдан екі бөлмелі пәтер сыйлауға шешім қабылдады. Тұрғын үй қазірдің өзінде сатып алынды, Аманжол ауруханадан шыққаннан кейін ауылға қайта бармайды, онда физикалық және психологиялық тұрғыдан қиындық туындауы мүмкін.
– Келесі аптада отбасыға кілт табысталады. Тағы бір жақсы жаңалық, протез шығаратын компания Аманжолға көмектесуге уәде берді. Олар баламызға жылжымалы протезді тегін жасап бермек. Бірақ оған дейін оңалту курсынан өтуі керек. Әрине, анасы оны Нұр-Сұлтанның немесе Самараның емханасына апарғысы келеді. Содан кейін ғана олар Алматыға барады, Аманжолдың өлшемін алып, алты айдың ішінде протезді жасайды. Бізді уайымдап, көмек көрсетіп жатқандардың барлығына алғысымыз шексіз, - дейді отбасының туысы Айдана.
Оралдағы Жастар мәдениет үйінде қайырымдылық концерті өтеді, одан түскен барлық қаражат Аманжолдың еміне жұмсалады.
Кәсіпкерлер қолынан айырылған балаға пәтер мен протез сыйға тартпақ
Оқи отырыңыз
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек