Жаңалықтар

Көшпенділер ойындарында қазақ елі үздік үштікке енді

Намысты дода
09.09.2016 10:43 3332

Қырғызстанның Чолпан-Ата қаласында өткен ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында еліміз жалпыкомандалық есепте 3-орынға табан тіреді.  Қазақстан қоржынында 12 алтын, 13 күміс, 13 қола жүлде бар.

Көшпенділер ойындарында қазақ елі үздік үштікке енді 

Дүбірлі додада 25 алтын, 25 күміс, 29 қола, жалпы 79 медальды жеңіп алған Қырғызстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-ші орынды алды. Ал екінші орын 24 медальмен (15 алтын, 3 күміс, 6 қола) Түрікменстан командасына бұйырды.

8 қыркүйек күні қазақ елінің қоржынында 32 медаль болды. Атап айтсақ, 10 алтын, 11 күміс және 11 қола. Ал жалпыкомандалық есепте еліміз 2-ші орынға тұрақтады.

Бұл күні қазақ атлеттері 4 ұлттық спорт түрі бойынша жарыс жолына жықты.

Көшпенділер ойындарында қазақ елі үздік үштікке енді

Чолпан-Ата қаласындағы ипподромда Қазақстан құрамасы қырғыз көкпаршыларынан 15:3 есебімен оңбай жеңілді. Осылайша, спортшыларымыз күміс жүлдеге ие болды.

ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының соңғы күні спортшылар ат жарысынан сынға түсті.

Алыс қашықтықта (22000 шақырым, 10 айналым) шабандоздар арасында өткен сайыста алтын жүлдені Исфалан атты арғымақ алды. Аттың иесі –  Серік Маймақов, шабандоз – Шермат  Серіков. Күміс жүлдені Шаxризад атымен жарысқа түскен арғымақ иеленді. Аттың иесі – Мұрат Үсербаев, шабандоз – Сағымбекұлы Акбар.

Көшпенділер ойындарында қазақ елі үздік үштікке енді

1600 қашықтықта ат жарысынан сайыс жолына шыққан шабандоздар арасында алтын жүлдені жерлесіміз Еділ Құсайынов алды. Арғымағының есімі – Аш Инвадер.

Ат жарысының қорытындысы бойынша Қазақстан қоржынына 2 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлде түсті.

Халықаралық сайыстың соңғы күні алыштың классикалық түрі өз мәресіне жетті. Қазақ балуандары 1 алтын, 2 күміс және 1 қоланы жеңіп алды. Бұл сайыста жаһанның 140 елінен келген 30 мемлекет қатысты.

Көшпенділер ойындарында қазақ елі үздік үштікке енді

Алыштың классикалық түрінен Дидар Сәтбаев (60 келі) алтын алса, Сәбира Мырзағалиева (65 келі) мен Бекбол Нұрланұлы (100 келі) күмісті еншіледі. Ал Гүлнəр Амантаева (75 келіден жоғары) қола жүлдені еншіледі.

Айта кетейік, 3-8 қыркүйек аралығында өткен ІІ Дүниежүзілік көшпенділер жарысына 58-ден астам елдің 600-ге тарта спортшысы қатысты. Олар 23 спорт түрінен бақ сынады. Халықаралық іргелі шара туралы жаһанның 35 елінен көптеген белгілі ақпарат құралдары хабар таратты.  Дүбірлі додада Қазақстанның намысын 21 спорт түрінен 75 спортшы қорғады.


Дереккөз: bnews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға