Жаңалықтар

Көрермен күткен отандық 5 фильм

Көрермен күткен отандық 5 фильм
13.10.2014 11:15 7259

Көрермен күткен отандық 5 фильм

Фейк: өзіңді сақта (Фейк: Береги себя)

Онлайн мен офлайндағы өмір өзара біте қайнасып кеткен. Кейде екеуінің шекарасын ажыратып білу өте қиын. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде фейк (жалған) адамдар көптеп кезігіп жатады. Осындай жағдайда өмірге үлкен қауіп төнуі мүмкін. Себебі, фейктардың артында кім тұрғанын тану қиын. Кино интернет арқылы танысқан адамдардың тағдырлары жайында. Ал олар бір-бірін танып біле алар ма екен? Басты рөлдерді Ася Оспанова, Антон Митнёв, Фима Иванов, Азамат Әшімов. Режиссері – Салтанат Мұрзалинова-Яковлева.

Хакер

Ақан Сатаевтың кезекті туындысы. Кинода жас хакер банк карталарындағы ақшаларды ұрлаумен айналысады. Қысқа мерзім ішінде қыруар қаржыға қол жеткізеді. Алайда «жеңіл» жолмен табылған ақшаның сұрауы қиын. Хакер үшін оның іс-әрекеттерінің салдарлары болады. Фильм триллер жанрына жатады. Ең қызығы – фильмнің басты рөлдерінде канадалық және испандық әртістер ойнайды.

Барлық әлем біздің астымызда (The whole world at our feet)

Қазақстандық туындылар арасында әлем жұлдыздарының ең көп жиналғаны осы кино болар. Кино ішінде Арманд Ассанте, Питер О’Тул, Кэри Тагава, Майкл Мэдсен, Томми Листер, Дон «Дракон» Уилсон, Оливер Грюнер және Боло Йенг секілді жұлздыздарды көруге болады. Сюжет Әлия есімді қыз туралы болмақ. Қиын, әрі мейірімсіз өмірде адамды тек махаббат құтқара алады. Жүректегі жылы сезім ғана бар қиншылықтарды жеңуге күш-қуат береді. Кино 2013 жылы түсіріліп қойғанымен де, осы жылы жалпы көрсетілімге шығарылады.

Қазақша тонау (Ограбление по казахски)

Ақша ұрлау және оны ұйымдастыру киноның классикалық үлгісіне айналып үлгерді. Ендігі кезекте осы тақырыптағы отандық киноның түсірілуі. Ұрлық туралы барлық кинолар секілді – көп ақша, атыс-шабыс, талас-тартыс. Әзіл-оспағы бар қазақстандық комедия. Кино желісі қиын жағдайға түсіп қалған 4 достың өмірі туралы.

Рэкетир 2

Бәріне танымал Рэкетир киносының жалғасы. Әлі күнге дейін кино туралы ешқандай ақпарат жарияланбады. Бірақ фильм 2015 жылы көрерменге жол тартады деп күтілуде. Ол «Рэкетир» желісінің жалғасы ма, әлде жаңа кейіпкердің өмір жолы туралы бола ма, онысы анық емес. Не де болса алғашқы трейлері шыққанға дейін асыға күтеміз.

Көрермен күткен отандық 5 фильм

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға