IV қысқы Жастар спорт ойындары мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Бүгін Астана қаласындағы «Алау» мұзайдынында IV қысқы Жастар спорт ойындарының қорытындысы шығарылып, кешенді жарыста жақсы нәтиже көрсеткен өңірлер марапатталды.
Жалпы есепте Алматы қаласы топ жарды. Ал 2-орынға ШҚО тұрақтаса, Астана қаласының командасы үштікті түйіндеді.
Осыдан 2 бұрын басталған кешенді жарыста 11 спорт түрінен үздіктер анықталды. Олар: биатлон, керлинг, конькимен жүгіру, шорт-трек, шаңғы жарыстары, мәнерлеп сырғанау, фристайл-могул және фристайл-акробатика, шайбалы хоккей, шаңғымен тұғырдан секіру.
Биылғы бәсекеден соң әр спорт түрінен еліміздің жастар құрама командалары жасақталып, алдағы халықаралық ресми жарыстарға, оның ішінде 2024 жылы Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында өтетін қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасына баратын спортшыларды анықталады.
Сондай-ақ 2026 жылғы Миландағы (Италия) олимпия ойындарына сапалы дайындық жүргізуге қатысатын мықты спортшылар іріктеледі.
IV қысқы Жастар спорт ойындары: Жеңімпаз өңірлер анықталды
Оқи отырыңыз
9 Сәуір, 10:00
Төрешілер былығына федерация кінәлі ме? І Бізде бомбардирлер жоқ І «Астанаға» обал болды8 Сәуір, 17:20
Талант, тәртіп және төзім: GGG формуласын кім бұза алады?8 Сәуір, 09:02
140 балл және «Алтын белгі» мектебі: жоғары нәтиженің құпиясы неде?3 Сәуір, 10:03
«Таза ауада серуендемейді»: дәрігер бала дамуының кешеуілдеуіне әсер ететін факторларды атады