Жаңалықтар

iOS жаңартулары iPhone 6 үшін қаншалықты қауіпті?

iPhone 6 қолданушыларына пайдалы ақпарат
29.02.2016 06:16 4108

 

iOS жаңартулары iPhone 6 үшін қаншалықты қауіпті?

iOS жаңартулары iPhone 6 үшін қаншалықты қауіпті?Әңгіме не жайында?

Apple компаниясы The Guardian басылымына iPhone 6 телефонын істен шығаратын «53-қатенің» бар екенін растады. Бұл қатенің кесірінен кез келген ақпарат қолжетімсіз ақпаратқа айналады. Қолданушылар сурет, бейнеролик, құжаттарды қарау мүмкіндігінен айрылады. Өкініштісі, мұндай iPhone жөндеуге келмейді. Сондықтан, жаңа телефон сатып алудан басқа жол жоқ.

iOS жаңартулары iPhone 6 үшін қаншалықты қауіпті?

Мәселе қайдан шықты?

Даудың басы саусақ таңбасын анықтайтын TouchID сканерінен шықты. Ол Home батырмасында орналасқан. Егер, қожайын телефонның сынған экранын немесе сенсорлы батырманы бейресми шеберханада ауыстырса, iOS жүйесінің келесі жаңартылуында «53-қате» пайда болады. Ал, телефон экранын тіркелген қызмет жүйесінде өзгертер болсаңыз, iOS жаңартылу процесі мінсіз өтеді. Бірақ, ол үшін көбірек ақша төлейтініңіз айтпаса да түсінікті.

iOS жаңартулары iPhone 6 үшін қаншалықты қауіпті?

Apple сараң қолданушыларды осылай жазалауға көшті ме?

Бұл  — кең таралған нұсқа. Компания өкілдері қатені «құрылғының қауіпсіздігі үшін жасалған шара» деп түсіндіреді. iPhone 6 телефондарында TouchID сканері туралы мәлімет саусақ таңбасына қатысты ақпарат қоймасымен байланыстырылған. Операциялық жүйе жаңартылған сәтте осы екеуі салыстырылып тексеріледі. Егер TouchID сканері ауыстырылса, телефон бұғатталып қалады. Ресми қызмет көрсету орталықтары TouchID ауыстыру кезінде оны саусақ таңбасына қатысты ақпарат қоймасымен қайта байланыстырады. Сондықтан, жүйенің келесі жаңартылуы ойдағыдай өтеді.

iOS жаңартулары iPhone 6 үшін қаншалықты қауіпті?

Бұл тек iPhone 6 телефондарына қатысты проблема ма?

Жоқ. Қазірге дейін «53-қате» iPhone 6 Plus,  iPhone 6s және iPhone 6s Plus телефондарында да анықталған.

iOS жаңартулары iPhone 6 үшін қаншалықты қауіпті?

Ештеңе сынбаған жағдайда алаңдауға негіз бар ма?

Өкінішке қарай, осы тақырыпты алғаш көтерген қолданушының телефонының экраны сынбаған, тіпті оны жөндеуге де апармапты. Соның өзінде, оның телефоны кезекті жаңарту кезінде біржолата істен шыққан. Ал, компания өкілдері мәселенің мән-жайын түсіндірмеген екен.

iOS жаңартулары iPhone 6 үшін қаншалықты қауіпті?

Қате жойылмаған жағдайда не істеу керек?

iOS жүйесін жаңартар алдында ұялы телефоныңыздағы маңызды құжаттардың мұрағаттық көшірмелерін жасап алыңыз. Бұған дейін телефонды бейресми қызмет көрсету орталығында жөндетіп алған болсаңыз, операциялық жүйені жаңартудың қажеті шамалы.«53-қате» пайда болған жағдайда мәселені бірден өзіңіз шешуге асықпаңыз. Алдымен, Apple қолдау орталығына хабарласыңыз. Ондағы қызметкерлер сізге не істеу керектігін айтады.

 


Аударған — Жансая Төлеген

Деректер medusa.io  сайтынан алынды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға