Жаңалықтар

Индонезиядағы алапат өрттен 17 адам қаза тапты

Өрт отын сақтайтын станциядан шыққан
05.03.2023 05:22 582

Индонезия астанасы Джакарта қаласында алапат өрт 17 адамның өмірін жалмады, деп хабарлайды El.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Тілсіз жау мемлекеттік энергетикалық компанияға тиесілі отын сақтайтын станцияны шарпыған.

Жергілікті өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері қаза тапқандардың арасында екі бала болғанын айтты. Тағы 50 адам жарақаттанған.

Кешқұрым уақытта басталған өрттен бірнеше үй де өртеніп кетті.

Зардап шеккендерді күйік шалған. Индонезия үкіметі емге кететін шығыпдардың барлығын мойнына аламыз деп отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға