Хостелдегі өрт: қайтыс болғандардың қай елдің азаматтары екені анықталды
30.11.2023 10:25
Фото:
Әлеуметтік желі
Алматыда хостелдегі өрттен қаза болған адамдардың қай елдің азаматтары екені анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қаза болған 13 адамның 10-ының жеке басы анықталды. Олардың сегізі – Қазақстан азаматтары, біреуі – Ресей, тағы біреуі Өзбекстан азаматы екен.
Қалған үшеуінің жеке басы анықталып жатыр.
Бұған дейін хостелдегі өрттен 13 адамның қаза тапқанын хабарлағанбыз. Ал аман қалғандардың қайда эвакуацияланғанын мына сілтеме арқылы біле аласыз.

