Жаңалықтар

Хоккейден Қазақстан құрамасы Беларусьтен оңбай ұтылды

Хоккейден Қазақстан құрамасы Беларусьтен оңбай ұтылды
Фото: shaiba.kz 07.05.2023 22:03 776

Бүгін, 7 мамырда, Астанадағы «Барыс-Арена» стадионында Qazaqstan Нockey Open халықаралық турнирі аясында матч өтті, деп хабарлайды деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстан мен Беларусь құрамалары кездесті. Қазақстандық спортшылар қонақтарға 0:6 есебімен жол берді.

Ұлттық құрама қақпасына әр кезеңде екі голдан соғылды. Ал айдын иелері сапынан мергендік танытқан ешкім жоқ.   

Қазақстан – Беларусь – 0:6 (0:2, 0:2, 0:2)

Шайбалар:

0: 1-02: 50 Горбунов (Бокун)

0:2 – 08: 01 Алистров

0: 3-22:31 Ковгореня (Филяев)

0: 4-36:37 Романович (Сапего, Секерин)

0: 5-40:54 Чезганов

0: 6-44:17 Белевич

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін біздің құрама «Ресей 25» командасына 0:3 есебімен жол берген болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға