Жаңалықтар

Хоккейден әлем чемпионаты: Финалға кімдер өтті?

Хоккейден әлем чемпионаты: Финалға кімдер өтті?
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 28.05.2023 07:17 736

Шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында финалға шыққан құрамалар белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Канада және Германия қарсыластарынан оқ бойы озық шықты.

Жартылай финалда канадалық хоккейшілер латвиялықтармен кездесті.

Ойынның бірінші кезеңінде Латвия құрамасы 1:0 есебімен басымдық танытты.

Екінші кезеңде құрамалар бір-бір гол соқты. Шешуші үшінші кезеңде канадалық хоккейшілер қатарынан үш шайба енгізіп, финалға жолдама тағдырын шешті.

Осылайша Канада қарсыласынан 4:2 есебімен басым түсті.

Ал тағы бір кездесуде Германия құрамасы АҚШ-ты 4:3 есебімен тізе бүктірді.

Финал мен 3-орын үшін сайыс 28 мамырда өтеді деп күтілуде.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 12 мамырдан бері Латвияның Рига және Финляндияның Тампере қалаларында өтіп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға