Жаңалықтар

Хоккей: Бүгін «Барыс» «Автомобилистпен» ойнайды

Матч Астана уақытымен сағат 20:00-де Qazsport телеарнасынан көрсетіледі
Хоккей: Бүгін «Барыс» «Автомобилистпен» ойнайды
Фото: hcbarys.kz 15.11.2022 13:50 1253

Бүгін Екатеринбургте Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты маусымының матчы өтеді. Онда «Автомобилист» өз алаңында «Барысты» қабылдайды, деп хабарлайды El.kz

«Автомобилист» - «Барыс» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 20:00-де Qazsport телеарнасынан көрсетіледі.

30 ойыннан кейін «Барыстың» еншісінде 28 ұпай; «Автомобилисттің» 29 ойыннан кейін 40 ұпайы бар.

«Барыс» өзінің соңғы тұрақты маусымында Уфаның «Салават Юлаевты» сырт алаңда (2:0) жеңсе, «Автомобилист» сырт алаңда «Витязь Подольск» командасын (4:1) ұтты. Салават Юлаевпен кездесуге дейін «Барыс» ҚХЛ-дағы соңғы тоғыз матчта сегіз рет жеңіліске ұшырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға