Жаңалықтар

Халыққа қызмет көрсету орталықтары 6 шілдеден бастап жұмыс істемейді

Халыққа қызмет көрсету орталықтары 6 шілдеден бастап жұмыс істемейді
Фото: © El.kz 05.07.2023 16:08 1147

6 - 9 шілде аралығында ел бойынша барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

7 және 8 шілдеде Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің ақпараттық жүйелерінде көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу және жүргізуші куәлігін беру қызметтері бойынша жүргізілетін техникалық жұмыстарға байланысты Қазақстанның мамандандырылған ХҚКО-ларының жұмысы тоқтайды. Бірақ кезекші ХҚКО-лар осы күндері қызмет алушыларды қабылдайтын болады, - делінген «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының сайтында жарияланған хабарламада.

Сондай-ақ 6 және 9 шілде күндері ел бойынша барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді.

Ал 10 шілдеден бастап мамандандырылған ХҚКО-лар штаттық режимде, яғни 9:00-ден 18:00-ге дейін және кезекші ХҚКО-лар 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға