Жаңалықтар

Халықаралық байқаушылар Тоқаевтың сайлауалды штабына барды

Тоқаевтың жақтастары 42 қала мен 5000-нан астам ауылды аралады
Халықаралық байқаушылар Тоқаевтың сайлауалды штабына барды
22.11.2022 19:29 1033

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымы Парламенттік Ассамблеясының, ҰҚШҰ-ның, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының, Америка Құрама Штаттарының байқаушылары ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабына келді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Штаб мүшелері оларды үгіт-насихат және талдау орталықтарының, кандидаттың қоғамдық қабылдау бөлмесінің, медиа-штабтың, сенімді өкілдердің жұмысын үйлестіру орталығының, байқаушылар штабының және арнайы жастар алаңының жұмысымен таныстырды.

Жалпы, үгіт-насихат науқаны кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары 42 қала мен 5000-нан астам ауылды аралады. Олар өткізген 24 мың үгіт-насихат іс-шарасына 3 миллион сайлаушы қатысты. Кездесулер барысында азаматтардан 40 мыңнан астам ұсыныс пен тілек жиналды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға