Жаңалықтар

Халық тарапынан шетел валютасына сұраныс артты - Ұлттық банк

Шетел валютасын сатып алу 29,8%-ға өсті
Халық тарапынан шетел валютасына сұраныс артты - Ұлттық банк
Фото: sn.kz 29.11.2022 19:25 1960

Ұлттық банк 2022 жылдың қазан айындағы қаржы нарығындағы ахуал туралы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

АҚШ доллары бойынша сұраныс пен ұсыныстың теңгерімді болуына байланысты 2022 жылғы қазанда теңгенің биржалық бағамы 1 АҚШ доллары үшін 465,02–479,05 теңге аралығында өзгеріп отырды.

2022 жылғы қазанда квазимемлекеттік сектордың экспорттық түсімін сату (528,6 млн АҚШ доллары) және Ұлттық қордан трансферттерді жүзеге асыру үшін шетел валютасын конвертациялау (362 млн АҚШ доллары) валюта нарығындағы ұсынысқа қолдау көрсетті. Валюта нарығында сұраныс пен ұсыныстың теңгерімді болуына байланысты валюталық интервенциялар жүргізілмеді.

Теңге-доллар валюта жұбы бойынша операциялардың жалпы көлемі бір айда 5,7%-ға төмендеді (ж/ж 13,2%-ға төмендеу), оның ішінде Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттық көлемі а/а 20,6%-ға өсіп, ж/ж 10,3%-ға төмендеді.

Халық тарапынан шетел валютасына сұраныс артты. 2022 жылғы қазанда шетел валютасын нетто-сатып алу а/а 29,8%-ға өсті. Бұл ретте жылдық мәндегі нетто-сатып алудың жалпы көлемі айтарлықтай дәрежеде Ресей рублі мен еуроны нетто-сатып алудың төмендеуі есебінен 36,9%-ға төмендеді.

Шығыстардың негізгі көлемі 88,6% немесе 164,7 млрд теңге – АҚШ долларын, 3,7% немесе 6,9 млрд теңге – Ресей рублін және 7,3% немесе 13,6 млрд теңге – еуроны сатып алуға бағытталды. Қыркүйектегі рубль ұсынысының сұраныстан тарихи асып кетуіне қарағанда, қазанда Ресейде жүргізілген ішінара мобилизация төңірегіндегі дүрбелең басылғанда рубльді нетто-сатып алу қайта реттелді. Ресей рубліне сұраныс қазанда ұсыныстан асып кеткеніне қарамастан, рубльді нетто негізде сатып алу ж/ж 10,4 есе төмендеді.

Валюталарды түріне қарай бөлгенде бір айда АҚШ долларын нетто-сатып алу 44,9%-ға өсіп (төмендеу ж/ж 12,6%), еуроны сатып алу 2,4 есе төмендеді

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға