Жаңалықтар

Халық нақты өзгерістерді күтуде - Ермек Абдрасулов

Заң ғылымдарының докторы, профессор Ермек Абдрасулов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысты пікірін білдірді
Халық нақты өзгерістерді күтуде - Ермек Абдрасулов
Фото: elbasylibrary.gov.kz 13.12.2022 15:44 2256

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысы мемлекетіміз бен қоғамымыздың одан әрі саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуы үшін үлкен тарихи маңызға ие. Президент отырыста биыл елде өте маңызды өзгерістер болғанын айтты. Ауқымды конституциялық реформа жүргізілді. Президенттік сайлау өтті. Қазақстандықтар елді жан-жақты жаңғыртуға бағытталған бастамаларды қолдады. Енді Үкімет пен барлық мемлекеттік органдар өздерінің күш-жігерін белгіленген стратегияны іске асыруға жұмылдыруы тиіс. Оның жаңа мақсаттарының бірі азаматтардың табысын ұлғайту және күш-жігерді өмір сапасын арттыруға шоғырландыру болып табылады.

   Әрине, Үкімет жұмысының ағымдағы жылда белгілі бір нәтижелері бар. Ол туралы Премьер-Министр және отырыстың басқа да қатысушылары баяндады: қаңтар-қараша айларында экономиканың өсу қарқыны 2,7%-ды құрады. Сыртқы сауда айналымы қаңтар-қазан айларында 34%-ға өсіп, 111 млрд долларға жетті. Экспорт 45%-ға, оның ішінде өңделген тауарлар 35%-ға өсті. Үкімет инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенін іске асыруда. Осы жұмыс шеңберінде ішкі нарықтағы отандық тауарлардың үлесін ұлғайту, өнімді сақтау және тасымалдау тетіктерін дамыту, бөлшек сауданы қолдау жөніндегі шаралар көзделген. Ұлттық қордың активтері 2022 жылдың 11 айында 517 млн долларға, 55,8 млрд долларға дейін өсті.

     Әлеуметтік инфрақұрылымның жаңа кешендері салынуда, күрделі жөндеу қажет ететіндер жаңғыртылуда. Мәселен, Алматыда 13,5 мың оқушыға арналған 16 мектеп пен қосымша ғимараттар пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 4570 оқушыға арналған тағы бес нысан салынады. 2023 жылы 37 100 оқушыға арналған 22 мектеп салу жоспарлануда.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы атап өткендей, азаматтар Үкімет пен әкімдердің барлық деңгейдегі жұмысына наразылықтарын білдіреді. Бұл өкінішке орай, жағдайдың нашарлауына, халықтың өмір сүру сапасының төмендеуіне байланысты. Инфляция өсуде, барлық негізгі топтамадағы азық-түлік қымбаттап жатыр. Азық-түлік инфляциясы 24% - дан асты. Халықтың нақты ақшалай табысы соңғы бес жылдағы ең төменгі өсу қарқынын көрсетеді. Елімізде 900 мыңға жуық адам  уақытша жұмыспен қамтылған, пайдасы жоқ өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз болып саналады.

Миллионнан астам адам банк алдында немесе басқа да ұйымдардың алдында өз міндеттемелерін орындай алмай отыр. Олардың көпшілігінің үміті үзіліп, бұрынғы несиелерді өтеу үшін жаңасын алуға мәжбүр.

          Сонымен қатар, қала тұрғындары мен ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы үшін өте маңызды инфрақұрылым тозған және тіпті апатты жағдайда. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы түрлі төтенше жағдайлар үйреншікті жағдайға айналды. Әкімдер, министрлер және ең бастысы меншік иелері тарапынан Петропавл, Теміртау, Степногорск, Балқаш, Қарағанды, Ақтөбе және Риддер қалаларындағы бірқатар апаттарға тиісті көңіл бөлінбеді.

 Президент мұндай жағдайда және осындай уақытта жай отыруға болмайтынын атап өтті. Бұл жағдай барлығына қауіп төндіреді. Сонымен қатар, келесі жыл қазіргі жылмен салыстырғанда күрделі және қиын болуы мүмкін.

          Сондықтан Мемлекет басшысы осы жағдайларды ескере отырып, ҚР Үкіметінің алдына азаматтардың табысын арттыру және өмір сүру сапасын арттыруға күш-жігерін жұмылдыру жөнінде өзекті міндеттер қойды.

     Біріншіден, Үкімет соңғы жылдары меншік иелері ештеңе істемеген сыни маңызды инфрақұрылымның әрбір объектісі бойынша кешенді түрде қарап, шешім қабылдауы керек. Үкімет энергия объектілерін уақтылы жаңғыртуды бақылауға алуға тиіс. Екібастұз тұрғындарына келтірілген залалды өтеуге арналған шығындар меншік иесі мен республикалық бюджет арасында бөлінуге тиіс. Әкімдіктер де өздерінің жауапкершілік аймағында бірқатар шаралар қабылдауы тиіс.

    Екіншіден, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту жөнінде шаралар қабылдау қажет. Бұл тұрғыда халықтың табысын арттыру бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ету және оны бүгінгі күннің шындығына сәйкес келтіру қажет.

    Үшіншіден, әділ және тиімді экономикалық саясатты іске асыры, адал бәсекелестікті дұрыс жолға қою керек. Егер бизнес адал жұмыс істейтін болса, онда әділ нарықтық экономика құрылады.

    Төртіншіден, ауылдық аумақтарды дамыту. Келесі жыл ауыл тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру қамқорлығымен өтеді. Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту бойынша 1 триллион теңге бөлінетін жалпыхалықтық жоба іске қосылады. Ол 1 миллионнан астам ауыл тұрғындарын қамтиды. Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту бойынша жаңа жоба іске қосылуда. 700-ге жуық жаңа медициналық нысан салынады, 32 көпсалалы аудандық аурухана жаңғыртылады. Оған 200 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді.

     Бесіншіден, экономиканы кредиттеу және халықтың кредиттелуін төмендету. Осыған байланысты кепілсіз онлайн-микрокредитті неғұрлым қатаң реттеу қажет. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап «жеке тұлғаларды оңалту және банкроттық туралы» заңға қолданысқа түсуі керек.

     Алтыншыдан, Мемлекет басшысы жаңа әкімшілік реформа жүргізуді тапсырды, оның негізгі мақсаты – атқарушы билік органдары жұмысының тиімділігін арттыру.

Салалық саясатты әзірлеу, оларды іске асыру және бақылау Үкімет деңгейінен орталық мемлекеттік органдардың деңгейіне берілуі тиіс. Орталық пен өңірлер арасында функцияларды қайта бөлу тұрғысынан осындай жұмысты 2023 жылдың ішінде жүргізу қажет.

Әділ және қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттің құрылысы жаңа кадр саясатын құруды көздейді. Алдағы өзгерістер адами капиталдың сапасына байланысты. Жаңа кадрлық саясат меритократия мен кәсібилік қағидаттарына негізделуі тиіс.

      Жетіншіден, орындаушылық тәртіпті арттыру керек. Мемлекеттік аппарат жұмысында ҚР Президентінің тапсырмаларын орындау кезінде   формальды көзқарас жағдайларын жою қажет.

          Осылайша отырыста ҚР Президенті өзекті міндеттердің ауқымын айқындады, олардың орындалуы уақтылы және толық көлемде іске асырылуы тиісті екенін. Әрбір министр мен әкімнің жұмысы статистикалық баяндамалар мен есептер беру негізінде емес, нақты  нәтижелер бойынша бағаланатын болатынын да атап өтті.

Заң ғылымдарының докторы, профессор Ермек Абдрасулов

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға