Жаңалықтар

Гролар – гризли ме, әлде ақ аю ма?

Гролар – гризли мен ақ аюдың гибриді.
22.10.2015 05:54 13535

Гролар – гризли мен ақ аюдың гибриді. Мұндай аюларды тағы да акнук, пизли, нанулак немесе полярлық гризли деп атайды. Табиғатта генетикалық тұрғыда бір-біріне ұқсас түрлер бір территорияда өмір сүрмеуге тырысады. Мысалы, Гризли жерде жүрсе, ақ аю су мен қарлы аймақта тіршілік етеді. Осыған қарамастан, кейбір сирек жағдайларда бұл екі түр шағылысып жатады. 

Гролар – гризли ме, әлде ақ аю ма?

Полярлық аю мен гризлидің гибриді табиғатта өте сирек кездеседі

2006 жылы Арктикадағы Канадаға тиесілі Банктер аралында америкалық аңшы сондай гибридтердің бірін атып өлтіреді. Ол аюдың ерекшелігіне назар аударып, оның жартылай гризли, жартылай полярлық аю екенін аңғарған. Кейіннен жануардың тегін анықтау үшін аюдың денесін Британиялық Колумбияға жібереді.

Идентификацияның нәтижесі 2006 жылдың 11 мамырында жарияланды. Бұл жабайы табиғатта, адамның араласуынсыз, гибридтің дүниеге келуінің алғашқы оқиғасы болды.

ДНҚ-сын зерттеген соң аю табиғи жағдайда дүниеге келген полярлық гризлилер қатарына жатқызылды.

Мұндай гибридтер бұрын да кездескен, алайда ол кезде ДНҚ анализі жүргізілмеген. Сонымен қатар, осы анализдың арқасында аңшы 1000 канадалық доллар көлеміндегі айыппұлдан және 12 айлық түрмеден құтылып кетті. Өйткені оның тек ақ аюды атуға ғана лицензиясы болған.

Полярлық аюларды зерттеуші маман Ян Стирлингтің айтуынша, бұл гибридтердің табиғи жағдайда дүниеге келуі мүмкін екенін білген, алайда іс-жүзінде, мұндай жағдай орын алады деп ойламаған.

2006 жылға дейін полярлық гризли жасанды ортада бірнеше рет дүниеге келген, алайда табиғи жағдайда мұндай жануардың пайда болуы мүмкін емес деп саналды. ДНҚ анализінің арқасында пизлидің табиғатта кездесетініне айқын дәлел табылды.

Полярлық гризлидің зоосаябақтардағы өмірі

Полярлық гризлидің жүні ақшыл, тырнақтары ұзын, арқасы бүкір, бетінің өлшемдері кішірек, мұрны мен көздері және артқы жағындағы дақтары гризлидікіндей.

Биологиялық түрлерді анықтау заңына сәйкес, ақ аю мен қоңыр аю бір биологиялық отбасының өкілі болып саналады, алайда олардың арасында морфологиялық айырмашылықтар өте көп. Бұл екі түрдің шағылысуы жиі кездеспейді, олардың генетикалық материалдары тек сирек жағдайда араласады. Табиғи жағдайда акнуктер тек Солтүстік Америкада дүниеге келген.

Аюдің гибриді туралы ақпарат алғаш рет немістің Галле қаласында 1874 жылы тіркелген. Осы қаладағы зоосаябақта полярлық гризли бірнеше туылған. Кейіннен олардың бірнешеуі Лондондағы зоосаябақта өмір сүрді.

Галледегі гибридтер тек өздерімен ғана емес, сондай-ақ ата-анасының биологиялық түрімен де шағылыса алды. Туған кезде қонжықтардың түсі ақ болып, уақыт өте келе ақшыл-қоңырға айналып отырды.  

1876 жылы германиялық зоосаябақта аналық қоңыр аю аталық полярлық аюдан 4 рет ұрпақ берді. 

Гролар – гризли ме, әлде ақ аю ма?

Гролар – гризли ме, әлде ақ аю ма?

Гролар – гризли ме, әлде ақ аю ма?

Гролар – гризли ме, әлде ақ аю ма?

Гролар – гризли ме, әлде ақ аю ма?


Дәурен Омаров

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға