Америкалық дыбыс жазу академиясы 69-шы «Грэмми» сыйлығына үміткерлер тізімін жариялады.
Биыл номинация саны бойынша Ұлыбритания әншісі Raye алдына жан салмай, бірден 11 аталымға ұсынылды. Ол жылдың үздік альбомы және үздік жазбасы секілді басты марапаттарға да үміткер. Салтанатты марапаттау рәсімі 2027 жылғы 7 ақпанда Лос-Анджелестегі Crypto.com Arena кешенінде өтеді.
Raye-нің This Music May Contain Hope альбомы «Жыл альбомы» аталымына ұсынылса, Where Is My Husband! әні «Жыл жазбасы» номинациясында бақ сынайды.
Басты аталымдарда әйел әншілер басым
Биылғы «Грэмми» сыйлығының негізгі номинацияларында әйел орындаушылардың қатары қалың. «Жыл альбомы» аталымында Фиби Бриджерс, Оливия Дин, Элла Лэнгли, Raye, Оливия Родриго, Розалия және Тейлор Свифттің жұмыстары ұсынылған. Бұл санаттағы жалғыз ер орындаушы – Бруно Марс.
Сондай-ақ биыл тыңдарман назарын аударған бірлескен жұмыстар да бірнеше аталымға енді. Мадонна мен Сабрина Карпентердің Bring Your Love, Леди Гага мен Doechii-дің Runway, Тейлор Свифт пен Сабрина Карпентердің The Life of a Showgirl, Tame Impala мен BLACKPINK тобының мүшесі Дженни орындаған Dracula әндері үздік поп-дуэт немесе топтық орындау номинациясында бақ сынайды.
Биыл би музыкасы санатында Мадоннаның Confessions II альбомы ұсынылса, рэп бағытында Cardi B-дің Am I the Drama?, Don Toliver-дің Octane және Канье Уэсттің Bully – Deluxe альбомдары үздіктер қатарынан көрінді.
«Грэмми-2027» сыйлығының басты номинациялары
Жыл альбомы (Album of the Year):
- Lost Weekend – Фиби Бриджерс;
- The Art of Loving – Оливия Дин;
- Dandelion – Элла Лэнгли;
- The Romantic – Бруно Марс;
- This Music May Contain Hope – Raye;
- You Seem Pretty Sad for a Girl So in Love – Оливия Родриго;
- Lux (Complete Works) – Розалия;
- The Life of a Showgirl – Тейлор Свифт.
Жыл жазбасы (Record of the Year):
- Man I Need – Оливия Дин;
- Choosin' Texas – Элла Лэнгли;
- I Just Might – Бруно Марс;
- Where Is My Husband! – Raye;
- The Cure – Оливия Родриго;
- Berghain – Розалия;
- The Fate of Ophelia – Тейлор Свифт;
- Dracula – Tame Impala және Дженни.
Жыл әні (Song of the Year):
- Berghain – Розалия;
- Choosin' Texas – Элла Лэнгли;
- The Cure – Оливия Родриго;
- I Knew It, I Knew You – Тейлор Свифт;
- Man I Need – Оливия Дин;
- Risk It All – Бруно Марс;
- Where Is My Husband! – Raye;
- hate that i made you love me – Ариана Гранде.
Үздік жаңа орындаушы (Best New Artist):
- Angine de Poitrine;
- Geese;
- Элла Лэнгли;
- Slayyyter;
- Сиенна Спиро;
- Don Toliver;
- Реми Вулф;
- The Womack Sisters.
Үздік жеке поп-орындау (Best Pop Solo Performance):
- Man I Need – Оливия Дин;
- Risk It All – Бруно Марс;
- Where Is My Husband! – Raye;
- The Cure – Оливия Родриго;
- Sauvignon Blanc – Розалия.
Үздік поп-дуэт немесе топтық орындау (Best Pop Duo/Group Performance):
- Runway – Леди Гага және Doechii;
- Bring Your Love – Мадонна және Сабрина Карпентер;
- Click Clack Symphony – Raye және Ханс Циммер;
- The Life of a Showgirl – Тейлор Свифт және Сабрина Карпентер;
- Dracula – Tame Impala және Дженни.
Үздік вокалды поп-альбом (Best Pop Vocal Album):
- The Art of Loving – Оливия Дин;
- Petal – Ариана Гранде;
- The Romantic – Бруно Марс;
- This Music May Contain Hope – Raye;
- You Seem Pretty Sad for a Girl So in Love – Оливия Родриго.
Үздік дәстүрлі вокалды поп-орындау (Best Traditional Pop Vocal Performance):
- A Couple Minutes – Оливия Дин;
- For Good – Синтия Эриво және Ариана Гранде;
- Madwoman – Laufey;
- I Hate the Way I Look Today – Raye;
- All That's Left – Николь Зурайтис және Гилад Хексельман.
Би музыкасы мен рок бағытындағы үміткерлер
Үздік би және электронды жазба (Best Dance/Electronic Recording):
- Lights Burn Dimmer – Fred Again және Jamie T;
- I Feel So Free – Мадонна;
- Crank – Slayyyter;
- My Old Ways – Tame Impala;
- Melatonin – Tinashe;
- Music – Underscores.
Үздік би және электронды альбом (Best Dance/Electronic Album):
- Confessions II – Мадонна;
- Sexistential – Робин;
- Soma – Skrillex;
- Wor$t Girl in America – Slayyyter;
- Deadbeat – Tame Impala.
Үздік би-поп жазба (Best Dance Pop Recording):
- Blue Moon – Зара Ларссон;
- Danceteria – Мадонна;
- Life Boat – Raye;
- Dance… – Slayyyter;
- Too Easy – Tinashe.
Үздік рок-орындау (Best Rock Performance):
- Sarniezz – Angine de Poitrine;
- Lost Boys – Фиби Бриджерс;
- Trinidad – Geese;
- What's Wrong With Me – Оливия Родриго және Роберт Смит;
- In the Stars – The Rolling Stones.
R&B және рэп санаттары
Үздік жеке R&B-орындау (Best R&B Solo Performance):
- Morning Dew (Donk) – Бейонсе;
- Out the Window – Kehlani;
- Let Me – Виктория Моне;
- Pressha – Джилл Скотт;
- What You Need – Tems.
Үздік R&B әні (Best R&B Song):
- Let Me;
- My Muse;
- Out the Window;
- Pressha;
- What You Need.
Үздік R&B альбомы (Best R&B Album):
- Brown (The Chocolate Edition) – Крис Браун;
- When the City Sleeps – Алекс Айсли;
- Kehlani – Kehlani;
- Saturday Night – Пи Джей Мортон;
- To Whom This May Concern – Джилл Скотт.
Үздік рэп әні (Best Rap Song):
- E85;
- Errtime;
- Girl, Get Up;
- Let 'Em Know;
- Spend Dat.
Үздік рэп альбомы (Best Rap Album):
- Dillagence II – Баста Раймс және J Dilla;
- Am I the Drama? – Cardi B;
- God Gotta Afro & Gold Hoops – Rapsody;
- Octane – Don Toliver;
- Everything Is a Lot – Wale;
- Bully – Deluxe – Канье Уэст (Ye).
Кантри музыкасы мен азиялық поп-орындаушылар
Үздік кантри әні (Best Country Song):
- Beautiful Things;
- Choosin' Texas;
- Dry Spell;
- Hardwired;
- Phone, Keys, Wallet.
Үздік жеке кантри-орындау (Best Country Solo Performance):
- The Whole World – Винс Гилл;
- Choosin' Texas – Элла Лэнгли;
- Dry Spell – Кейси Масгрейвс;
- Can't Sit Still – Лейни Уилсон;
- Gary – Стивен Уилсон кіші.
Үздік дәстүрлі кантри альбомы (Best Traditional Country Album):
- Clovis – Чарли Крокетт;
- 50 Years from Home: Down at the Borderline – Винс Гилл;
- Banks of the Trinity – Коди Джонсон;
- Workin’ Man: Willie Sings Merle – Вилли Нельсон;
- Once Upon a Second Time Around – Чарли Уоршем.
Үздік заманауи кантри альбомы (Best Contemporary Country Album):
- Mount Pleasant – Келси Баллерини;
- Cherry Valley – Картер Фейт;
- Dandelion – Элла Лэнгли;
- Cloud 9 – Меган Морони;
- Middle of Nowhere – Кейси Масгрейвс.
Үздік азиялық поп-орындау (Best Asian Pop Music Performance):
- Sunset Kiss – Babymetal және Polyphia;
- Unang Kilig – Bini;
- Bang Bang – Ive;
- 404 (New Era) – Kiiikiii;
- Yes – Лиса;
- Visa – SB19.
Кино мен телехикаяларға арналған музыка да назардан тыс қалмады
Үздік визуалды туындыға жазылған ән (Best Song Written for Visual Media):
- House – «Бұрқасын асу» фильмінен;
- I Knew It, I Knew You – «Ойыншықтар хикаясы 5» мультфильмінен;
- Need Someone – «Питт ауруханасы» телехикаясынан;
- No Place Like Home – «Зұлым: Мәңгілік» фильмінен;
- Runway – «Шайтан Prada киеді 2» фильмінен.
Үздік музыкалық бейнебаян (Best Music Video):
- Lost Boys;
- Storm;
- hate that i made you love me;
- Click Clack Symphony;
- Berghain.
Жылдың үздік ән авторы мен продюсері
Классикалық емес музыкадағы жылдың үздік ән авторы (Songwriter of the Year, Non-Classical):
- Эми Аллен;
- Эдгар Баррера;
- Raye;
- Джойбет Тейлор;
- Терон Томас.
Классикалық емес музыкадағы жылдың үздік продюсері (Producer of the Year, Non-Classical):
- Тони Берг;
- Дернст «D'Mile» Эмиль II;
- Ноа Голдштейн;
- Миранда Ламберт;
- Майк Сабат.