9-11 желтоқсан аралығында Қытайдың Уси қаласында таеквондодан Grand Slam турнирі өтеді. Беделді бәсекеге қатысатын спортшылардың алдын ала тізімі белгілі болды.
Grand Slam турниріне әлемнің түпкір-түпкірінен келген 400-ге жуық спортшылар тіркеледі. Жарыс Уси қаласындағы Таеквондо Орталық стадионында өтеді.
Осы бәсекеде бақ сынайтын Қазақстан құрамасының тізімі:
Ерлер
58 келіге дейін: Баходир Шапулатов, Тамирлан Тілеулес, Нұрәлі Махмұт, Жавохирхон Исламов.
68 келіге дейін: Әнуар Мұхаметкаримов, Дамир Шуленов, Мұхаммедәлі Махмұт, Нұрбек Ғазез, Самирхон Абабакиров, Сұлтанбек Орынбек, Ерболат Хасан.
80 келіге дейін: Абдурахмон Марипов, Батырхан Кусетов, Мақсат Орынбасар.
80 келіден жоғары: Батырхан Төлеуғали, Бейбарыс Қаблан.
Әйелдер
49 келіге дейін: Айдана Құмартаева, Құралай Жамалбекова, Нодира Ахмедова, Нұрайым Жұмабек, Нұрай Бауыржанова, Рита Бакишева.
57 келіге дейін: Айша Әділбекқызы, Мария Севостьянова, Жазира Исина.
67 келіге дейін: Аида Тәукенова, Аружан Найманбаева, Нұрай Хусаинова.
67 келіден жоғары: Назым Махмутова.