Головкин қоштасу айқасын Қазақстанда өткізеді, күні белгілі – БАҚ
08.09.2023 14:04
Фото:
©AFP/Steven RYAN
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің карьерасындағы соңғы жекпе-жегі жайлы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы mmafighters.kz Instagram-да жазды.
Инсайдерлік мәлімет бойынша, GGG қоштасу айқасын 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнінде Астанада өткізбек. Оның елордаға келу себебі де осында екені айтылған.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстанның Еуропа чемпионатына жорығы: кездейсоқтық па, жұмыс нәтижесі ме?
- «Бұл менің отбасыма жасалған ақпараттық шабуыл». Дәулет Тұрлыханов ұлына қатысты пікір білдірді
Бұған дейін Головкиннің Қазақстан мен Солтүстік Ирландия арасындағы матчқа келетінін жазғанбыз. 10 қыркүйекте өтетін ойында ол құрамаға қолдау көрсетпек.
Ал өзінің соңғы айқасын Геннадий былтырғы күзде өткізіп, мексикалық Сауль «Канело» Альвареске есе жіберді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

