Жаңалықтар

Головкин: Карьерамды аяқтауға әлі дайын емеспін

17 қыркүйекте Лас-Вегаста GGG мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы үшінші жекпе-жек өткізеді.
Головкин: Карьерамды аяқтауға әлі дайын емеспін
02.07.2022 01:42 926

IBF, WBA Super және IBO тұжырымдамалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин рингтен кету туралы әлі ойламағанын айтты, деп хабарлайды Еl.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

"Сіз 40 жастасыз. Қай уақытқа дейін жұдырықтасуды жалғастырасыз? Егер сіз жеңсеңіз ("Канеломен" үшінші жекпе-жекте - автор), GGG тоқтауы мүмкін бе?",- деп сұрады TMZ-ге тілшісі


"Ешкім білмейді... Жоқ деген дұрыс шығар. Мен әлі дайын емеспін",- деп жауап берді Головкин


Еске салсақ, 17 қыркүйекте Лас-Вегаста GGG мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы үшінші жекпе-жек өткізеді. Головкин екінші орта салмаққа көтеріледі, ал "Канело" абсолютті әлем чемпионы атағын ортаға салады.

Алғашқы екі жекпе-жектің нәтижесі: 2017 жылдың қыркүйегінде жекпе-жек тең нәтижемен аяқталды. Бір жылдан кейін мексикалық жеңіске жетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға