Жаңалықтар

Геннадий Головкин шаршы алаңға қайта оралады

Геннадий Головкин шаршы алаңға қайта оралады
Фото: instagram.com/gggboxing 16.04.2023 16:50 2105

Америкалық Fight Hub TV Youtube-арнасының авторы Маркос Вильегас промоутер Том Леффлерден қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің қашан шаршы алаңға оралатынын сұрады, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Кеше Леффлермен әңгіме барысында Головкин қысқа мерзімді үзіліс алғанын айтты. Дегенмен GGG жазда оралуды жоспарлап отыр», - деп жазды Вильегас твиттерде.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Геннадий Головкин IBF және WBA Super тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуінен бас тарту туралы шешім қабылдаған болатын. Қазіргі уақытта отандық боксшыда тек IBO титулы ғана бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға