Жаңалықтар

Генерал-майор Еділ Оразов

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне - 25 жыл
Генерал-майор Еділ Оразов
01.10.2017 10:08 7651

Өмірбаян беттерінен

1956 жылы 21 мамырда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1978 жылы Энгельс ӘШҚ жоғары зениттік-ракеталық командалық училшщесін, 1988 жылы Жуков атындағы ӘШҚ Әскери академиясын бітірген. Басшылық және әскери оқу орындарында ұстаздық қызметтерден өткен. Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы, «Батыс» өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының орынбасары лауазымдарын атқарған. Ресейде, Қытайда Қазақстан елшілігінің әскери атташесі, ҚР ҚК Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтының бастығы, Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы болған. Материалды-техникалық қамтамасыз ету бас басқармасының бастығы. Бірқатар мемлекеттік наградалармен марапатталған.

***

Кез-келген сала дамимын десе, алдымен ғылымға бет бұрады. Бұл заңдылық. Өкінішке орай, әскеріміздің кенже қалған бағыты болса, осы тұс па деймін. Әскери білім мен ғылымға тікелей, әрі жүйелі басшылық жасайтын арнайы құрылым төл әскерімізден 15 жас кіші. Тіпті аталмыш бағыт бойынша ғылыми дәрежеге қол жеткізген азаматтардың саны да шамалы. Бұл олқылықтың орынын толтырар күн алыс емес деп білемін. Соғыс өнерінің қыр-сырын жетік меңгеруге бет алған жас офицерлер қатары күн санап толығып келеді. Жалпы, халқымыздың білімге деген құштарлығы, әсіресе, әскерилердің потенциалы ерекше деп білемін. Қысқа мерзімді жоғары академиялық курстарда оқыдым. Рас, мектеп қабырғасына енді келген балаға ұстазы «мынау – әліппе. Ішінде 42 әріп бар, соны үйретемін. 3 айдан кейін «Абай жолы» бойынша емтихан тапсырасыңдар» дегендей жағдайда өрбіді. Десе де, оқу жүйесі, оқытушылар құрамының біліктілігі, Қазақстан әскерінің білім мен ғылымға жақын екендігіне көзімді жеткізді. Аталмыш саланы дамытуға айрықша үлес қосқандар сапында генерал Оразов та бар деп білемін.

Әскери жоғары оқу орындары басшыларының қатысуымен үлкен шара өтті. Генералмен штаб алдындағы автотұрақта жолым түйісіп қалды. Қасында азаматтық тұлға бар. Тарихшы ғалым екен. Екінші дүниежүзілік соғыс тарихын қызықтаймын. Ашығын айтайын, жеке қөзқарасым ресмиден айтарлықтай өзгеше. Атам, Елубай Күмісбекұлы Смоленск түбінде қатты жарақаттанған. Бас сүйегінің жартысын, жамбасының бір бөлігін майдан даласында қалдырған. Соғыстың шынайы тарихын білуге моральдық тұрғыда құқығым бар шығар. Нюрнберг процесінде қолына қару ұстамаған дипломат Риббентроп, соғыс бойы бункерден шықпаған Кейтель тәрізді фашизм басшыларын ату жазасына кесіп, Паулюс сияқты Совет солдатын қырған жауызға ешқандай жаза бермеген. Куәгер ретінде қатысқан. Совет жеріне ең терең бойлаған соның танкілері емес пе, Волгаға дейін келген. Түсінбеймін. Тарихшы ғалыммен осындай сұрақтар төңірегінде қатты дауласып кетсем керек, генерал тоқтатып, сабырға шақырды. Сыйлы кісіден кешірім сұрадым. Басқа генерал болғанда, «Кругом, шагом марш» дер еді. Сабырлылығына, салмақтылығына, салиқалылығы мен жоғары мәдениеттілігіне ерекше разы болдым.

Үлкен мәдени орталықта кездесіп қалып, жөн сұрастым. Генералдың қызметі ауысыпты. Әскери білім-ғылым саласынан тіпті алыс. Іштей өкіндім. Еділ Лұқпанұлының орыны ғылымда. Басқа емес, тек сол ортада деп білемін.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға