Газиантептегі объектілердің бірінде біздің құтқарушылар үйінділердің астынан 3 адамды тірідей шығарып алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Видеода қазақстандық құтқарушылар қираған конструкциялардың астында және сол жерден адамдарды жоғарыдағы түрік әріптестеріне жеткізіп жатыр.
Құлаған тоғыз қабатты үйдің қирандыларының астынан бір қарт адам мен екі жас жігіт шығарып алынды. Қазақстандық құтқарушылар оларға бірінші болып барып, адамдарды Түркиялық әріптестеріне және медициналық қызметтерге тапсырды.
Жұмыстар үзіліссіз екі тәулік бойы конструкциялардың құлау қаупі төніп тұрғанымен аса күрделі жағдайларда жүргізілді.
Адамдарды анықтау үшін кинологиялық есептоптар және арнайы іздеу құралдары белсенді түрде тартылды.
Газиантепте қазақстандық құтқарушылар 3 адамды тірідей шығарып алды
Оқи отырыңыз
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек