Жаңалықтар

Ғарифолла Есімнің ғылыми публицистикасы туралы не білеміз?

Ол – философ публицист
09.09.2017 10:59 4285

Академик Ғарифолла Есімнің ғылыми публицистикасының жазу барысында өнер, білім, ғылым, идеология, заң, философия, мораль жан жақтылы сараланғанын көреміз. Яғни қоғамдық санға әсер ететін, жетекшілік жасайтын руханият пен ғылымды дамытуға ұлттық дүниетанымды, ұлттық ментальді қалыптастыруға белсенді түрде қатысқандығы белгілі. Ғ.Есім ғылыми публицистикасы – абайтану және шәкәрімтану ғылымына көбірек көңіл бөлінгендігіне ғалымның еңбектері дәлел болады. Соңғы жылдарда басқа да ғылыми публицистикалық материалдары БАҚ-ның бәрінде жарияланды. 1995 жылы Қазақ радиосынан «Асыл сөздің астары» атты радиохабарды жүргізу барысында абайтану ғылымына жаңа, тың серпін әкелді. Ғалым ғылыми материалдарын газет-журналдарға жариялап қана қоймай телерадионың да мүмкіндігін пайдалана білді.

Дін жайында айтылған шағын тақырыпшаны ғалымның діни түсінігін мына бір сөзімен түйіндесек: «Абай әділеттілікті хақ жолы дейді. Дұрыс әрі терең айтылған ой, бірақ мәселе адамзат хақ жолын әрқилы түсінеді. Христиандық – хақ жолы, ислам – хақ жолы, буддизмде әділеттілікті хақ жолы дейді. Сонда қайсысы дұрыс? Шәкәрім айтқандай, барлық дінде кешу бар, барлығында шешу бар», – дейді Акамдемик Ғ.Есім. Әдебиет пен мәдениет. Публицистің әдебиет пен мәдениет, өнер мен өмірге қатысты соны мақаларында да ғылыми ортаның қызу талқылауына ілініп, оқырман қауымның қажетіне жараған материалдарының көбісін назардан тыс қалдырмадық. Мысалы: Ғ.Есім «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман... Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы. Әуелде бір суық мұз - ақыл зерек...» атты мақаласы ғылыми сараптамалық публицистикалық ауқымды тақырыптардың бірі. Публицистің шеберлігін көрсететін тағы бір жайт – ол оның әмбебап білімпаздығы. Қоғамдық өмірдің пікірін ұстарта түсу үшін белгілі бір саланың шеңберін шиырлап жүру Академик тунындыгердің атына сын болары анық. Сондықтан да Ғ.Есім публицисткасына шолу жасау барысында біз халықтық және шығыс медицинасына байланысты да тосын тақырыптарға тап болып таң қалған едік. 

Ғ.Есім «ода» материал жазуға машықтанбаған адам. Алайда, бағалау – тарихи әділ бағасын беретін тұлғалар болса Ғ.Есім шығармашылығынан тыс қалған емес. «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Тұлға философиясы» атты материалында жалпы тұлға тән түсінікті түсіндіруге тырысады. Жоғарыда да кеңінен айтылғандай Хакім Абай, Данышпан Шәкәрім, Мұхтар Әуезов қатарлы алыптардың тұлғалық сипатын ғылыми негізде көрсете білді деуге болады. Бірақ бір Ғ.Есім берген тұлғалық сипатымен бітті деген түсінік болмау керек. Ғылым бір адаммен ақиқатқа жетпейтіндігі абсолюттік шындық. Ал Ғ.Есімнің ғылыми публицистикаларының ішіндегі осынау тұлғатануға қатысты, тұлға феномені, тұлғалық сипатын жан-жақты зерттеп жазған материялдарын портреттік очерк жанры деп бағалауға әрі соны материалдар деуге әбден негіз бар.  Мысалы: «Әлем әдебиеті» журналының No2 санында Қорқыт тұлғасын, портреттік келбетін пәлсафалық негізде қарастыра келіп, Қорқыттың түркі халықтарының санасындағы Қорқыт бейнесін, оның дүниетанымын таразылап берген материал десек артық бола қоймас. «Әлем әдебиеті» журналының тағы да осы санында Иоллығтегіннің тұлғалық һәм түркілік дүниетанымына тоқталып өткен. Онда атақты түркінің баһадүр бегі Күлтегін мен Білге қағанның құрметіне қойылған ұстын мәңгітасындағы жыр жолдарын түркінің алып шайыры Иоллығтегінің тұлғалық сипатын шебер сомдай білген. Ғылыми материалдардың негізінде жазылған философиялық мақала. Күллі түрік халқына дінді ұлттық ділге негіздеп жеткізген ғұлама Қожа Ахмет Иассауидың да тұлғалық портретін діни дүниетанымын зерделей түскен.  Қазақтың санасына «Бір адам көрдім киімі бар, өзі жоқ. Бір адам көрдім өзі бар, киімі жоқ» дейтін тамаша даналығымен танитын Ұстаз Румидың да тұлғалық келбетіне, оның «Өзі» мен «Киімін» де әділ бағамдаған. 

Ғарифолла Есімнің қазақ ән өнеріне жаңа тың серпін һәм жаңаша сипат әкелген Шәмші Қалдаяқовтың да портретін бағамдайтын сұхбаты жаряланды. Қоғамдық мәселерге де көп ат салысқандығы белгілі. Мәселен, ұлттық мектептер жайындағы ұтымды пікірлері. «Егемен Қазақстан» газетінде «Мемілекеттік мектептер мемлекеттік тілде сөйлеу керек» атты мақаласаы шықты. Осы мақаласын қолдаған қоғам қайраткерлері болды. Атап, айтсақ журналист Дүрәлі Дүйсебай  «Егмен Қазақстан» газетінде «Өзекке теппей, өзімізге бейімдейік» атты мақала жазып осы мәселенің оңды әрі болашақта барлық қазақ мектептері қазақшаланды деген сенім білдірді. Мақалада былай делінген: «Жалпы бүгінгі дамыған елдердің тәжірибесі бойынша мемлекеттік мекемелердегі тәрбие сол мемлекеттің тілінде, яғни қазақ тілінде берілуі тиіс. Белгілі философ-ғалым, Мәжіліс депутаты Ғарифолла Есім де жақсы идеяларға мұрындық болып жүр. «... Қазақстан азаматтары балаларын нәсілдеріне қарамай, бір сыныпта, бір мектепте оқытуы керек. Мұндай жағдайда қазіргі мектептердегі оқыту бағдарламалары, стандарттары, тәсілдері, жүйелері, құндылықтар түбегейлі өзгеріске түспек. Мәселе түбегейлі шешілуі үшін бұл үрдіс мектеп жасына дейінгі мекемелерді де қамтуы қажет. Орыс балабақшасы, қазақ тіліндегі балабақша орнына ұлттық балабақша деген түсінік орныққан жөн. Сонда мектеп жасына дейін және бастауыш білім деңгейіне дейін жасөспірімдер мемлекеттік тілде білім, оны меңгеріп, арнайы сынақтар тапсырып, содан ары қарай, Жолдауда көрсетілгендей, тілдердің үш тұғырлығы мәдени жобасында жүзеге асуы керек. Орта мектепті бітірген оқушы міндетті түрде мемлекеттік тілмен бірге орыс, ағылшын және мүмкін басқа да қосымша бір тілді меңгеріп шықса болар еді» («Егемен Қазақстан» газеті). Бұл жоба бойынша балалар балабақшада және 5-сыныпқа дейін (яғни бастауыш мектеп) тек мемлекеттік тілде білім алып, орыс, ағылшын, т.б. тілдер біртіндеп енеді. Ал 5-сыныптан бастап қазақ әдебиеті, тілі, оның тарихы, тағы басқа пәндер – қазақ тілінде, орыс тілі, әдебиеті – орыс тілінде, ал ақпараттық жүйеге қатысты пәндер ағылшын тілінде оқытылса, қазіргі «қазақ тілділер» және «орыс тілділер» деген ұғымдар бірте-бірте өз мәнін жоятын болады. Бұл – ассимиляциялану емес, азаматтық қоғамның эволюциялық даму заңы. Жүз отыз ұлт пен ұлыс өмір сүріп отырған мемлекеттің бәріне ортақ тілі – мемлекеттік тілді болашақта үйрену міндетті болатындықтан, Үкімет қаржысын ересектерді үйретуге шашудан гөрі, балабақшадан үйретуге күш салған әлдеқайда ұтымды әрі қаржы жағынан да тиімді. Бірыңғай ұлттық мектептер туралы ой да соңғы кездері шешімін таппай жүрген ұлттық (этностық-ұлыстық) және аралас мектептер жөніндегі пікірталастарға нүкте қоятын жөндем пікір секілді. Бізде қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік, тағы да басқа елімізде жиі қоныстанған ұлттар мен ұлыстардың жеке мектептері бар. Шынтуайтқа келгенде, мұндай іс-әрекет көп ұлтты болып саналатын мемлекетте ұлттық мектептері жоқ өзге ұлттардың құқын бұзу болып шықпай ма? Дүнгендерде неге мектеп жоқ? Ал кәрістерде ше? Поляктар неге өз тілінде білім алмауы тиіс?! Міне, болашақта осындай келеңсіздіктерге жол берілмес үшін бұл идеяны жан-жақты зерделеп, «өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай», бір тоқтамға келу керек. Меніңше, дер кезі, уақыт жетіп тұр.

Тек бағдарламаны дұрыс жасап, халық арасында терең түсінік жүргізу керек. Түрік тілінде тәрбиеленіп, түрік мектептеріне барады». Осылай болуы тиіс қой. Ғ.Есім осы мәселені, жаңылмасам, екі рет көтерді: әлгінде айтқанымдай, әлі бірде-бір адам үн қатқан жоқ. Бізді құртатын осы үнсіздік. Іштей «мынау бір тамаша нәрсе екен, егер жоғарыдағылардың көзіне түсіп, іске асып кетсе керемет болар еді» деп толқимыз, сол іштегі бұлқынысты сыртқа шығаруға асықпаймыз. Ал өзге елдің зиялылары, көзі ашық азаматтары мұндай мәселені бірден іліп әкетіп, я жоқ, я бар етер еді. Біз өзгелер не дер екен деп отырамыз.

«Өзгелер» де солай ойлайды. Ақырында әп-әдемі басталған іс бітпей, аяқсыз қалады. Сөз көп, айтыс-тартыс, дау-дамай да көп бізде. Бірақ іс жоқ. «Тірі жанға тыным жоқ, қызыл тілде буын жоқ, Айта берсең, аяғы – таусылмайтын сөз болар» деп Базар жырау айтқандай, анау-мынау айтыс-тартысты тоқтатып, нақты іске көшетін кез жетті. Мұндайда тағы да ең жақын көршіміз әрі ұлттық мүддені әсірелемей, кеңірдектеспей ым-жымсыз шешіп жатқан өзбек ағайындарға жүгінеміз. Өзбекстанда 90-жылдарға дейін 1200 қазақ мектебі болған екен. Содан қалғаны 262 мектеп қана. 2005 жылға дейін 575 мектеп болса, қазір солардың көбі аралас мектепке айналып кеткен. Алайда Ташкент қазақ мәдени орталығының төрағасы М.Бәкірдің айтуына қарағанда, Өзбекстан қазақ мектептерін әдейі жауып жатқан жоқ. Тек жоғары оқу орнына түсу үшін дайындалатын тест өзбек тілінде. Сондықтан ата-аналар балаларын өзбек мектептеріне өз ықтиярларымен беруде. Мәдениетті мәжбүрлеу деген осы. Бұл ақпаратты, ұмытпасам, осыдан үш-төрт жыл бұрын «Түркістан» газетінен оқыған едім. Бізге де осындай батылдық, әрине, әбден ойластырылған, заңдастырылған батылдық керек.». Ғ.Есім публицист екендігінде еш дау жоқ. Бірақ ол философ публицист. Басқа публицистерден бір ерекшелігі осы.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға