Жаңалықтар

Ғалымдар нешеде ұйықтау керектігін айтты

Ғалымдар нешеде ұйықтау керектігін айтты
Фото: © Pixabay.com 19.02.2024 09:39 36942

Ұйқы қануы үшін ерте ұйықтау ғана аздық етеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мake My Blinds сарапшыларының мәліметінше, оятқышты дұрыс уақытқа қою да маңызды рөл атқарады.

Ұйықтау уақыты негізі адамның жасына байланысты өзгеріп отырады. Сарапшылар күнделікті 7-9 сағат ұйықтауға кеңес береді. Сонымен, бір жасқа дейінгі балалар ­– 12-ден 16 сағатқа дейін, қарттар (65 жастан асқан) күніне 7-ден 8 сағатқа дейін ұйықтайды.

Сарапшылардың пікірінше, ұйқы денсаулыққа пайдалы болуы әрі өзіңізді сергек сезіну үшін сіз күн сайын бір уақытта оянуыңыз керек. Егер сізге таңғы 4-те ояну керек болса, онда 18:45-те ұйықтау керек. Таңғы 5-те ояну үшін төсекке 19:45-те, таңғы 6-да – 20:45-те, 7-де – 21:45-те және тағысын тағы жату керек. Бұл ұйқының алты циклін қамтитын тоғыз сағатты құрайды.

Ұйқының қанбауы денсаулыққа әсер етуі мүмкін. Ғалымдар тіпті психикалық жағдайға, мидың жұмысына, иммундық жүйеге де кері әсерін тигізеді дегенді алға тартады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға