Жаңалықтар

Футболшы Карим Бензема Франция құрамасынан кететінін мәлімдеді

«Алтын доп» иегері бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды
Футболшы Карим Бензема Франция құрамасынан кететінін мәлімдеді
Фото: sportingnews.com 19.12.2022 22:15 1828

«Реал» футбол клубының шабуылшысы Карим Бензема Франция құрамасындағы мәнсабының аяқталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мен көп күш жұмсадым, өзімнің жолымда қателіктерге де жол берген кездер болды. Бірақ мен қол жеткізген жетістіктеріммен мақтанамын. Өз тарихымды жаздым. Енді оның аяқталатын сәті келді, - деп жазды 35 жастағы футболшы желідегі жазбасында.

Айта кетерлігі, Бензема Қатарда өткен әлем біріншілігі басталғанда жарақат алып қалуына байланысты турнирге қатыса алмаған еді. Алайда команда сапында қалды.

Франция құрамасы мундиальдың ақтық мәресіне дейін жетіп, Аргентина командасымен бақ сынасты.

Карим Бензема Франция құрамасының сапына 2007 жылы келген болатын.

2015 жылы шабуылшы құрамадағы әріптесі Матьё Вальбуэнмен арадағы жанжалға байланысты ұлттық командадағы матчтардан шеттетілді.

Былтыр мамырдан бері Бензема құрамаға қайта шақырылды.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға