Жаңалықтар

Футболдан ӘЧ: Испания Коста-Рика қақпасына 7 гол соқты

Осылайша, Испания құрамасы ірі жеңіске қол жеткізіп, үш ұпаймен Е тобында көш бастады
Футболдан ӘЧ: Испания Коста-Рика қақпасына 7 гол соқты
Фото: ©AP/Francisco SECO 24.11.2022 00:12 1035

Футболдан Испания құрамасы Катардағы әлем чемпионатын ірі жеңіспен бастады, деп хабарлайдыEl.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

"Әл-Тумама" стадионында испаниялықтар Коста-Рика құрамасымен кездесті. Үзіліске дейін испан футболшылары үш гол соғып тастады. 11-минутта Дани Ольма көзге түсті. Тағы он минуттан соң Марко Асенсио қанжығасын майлады. 31-минутта Ферран Торрес пенальтиден гол соқты.

2010 жылғы әлем чемпионы екінші таймда да қарқынын бәсеңдетпеді. 54-минутта Торрес дубль авторы атанды. Ал 74-минутта Гави испаниялықтардың бесінші голын соқты.

Еуропалық құрама мұнымен де тоқтап қалмады, Карлос Солер еншісіне бір гол жазды. Ал матч нүктесін Альваро Мората қойды - 7:0.

Осылайша, Испания құрамасы ірі жеңіске қол жеткізіп, үш ұпаймен Е тобында көш бастады. Үш ұпайы бар Жапония азырақ гол соққаны үшін екінші орында тұр. Германия үшінші, Коста-Рика төртінші орында келеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға