Жаңалықтар

Футболдан ӘЧ-2022: Англия құрамасы Иранды ойсырата ұтты

Бұл кездесудің тағдыры бірінші таймда ашылды
Футболдан ӘЧ-2022: Англия құрамасы Иранды ойсырата ұтты
Фото: Vk/world_cup_2022_football 21.11.2022 23:22 1172
2022 жылғы футболдан әлем чемпионатындағы фавориттердің бірі - Англия құрамасы Қатардағы өз ойынын сенімді жеңіспен бастады. Топтық кезеңде британдықтар Иран өкілдеріне ешқандай мүмкіндік бермеді, есеп: 6: 2, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл кездесудің тағдыры бірінші таймда ашылды, ағылшындар Иран командасының қақпасына үш жауапсыз доп салып, ойын қорытындысын алдын-ала анықтады. Иран қақпасына алғашқы допты мундиалдың ең қымбат ойыншысы, Англия мен Дортмунд Боруссиясының 19 жастағы жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем соқты. Көп ұзамай Букайо Сака мен Рахим Стерлинг нәтижені үстемелей түсті.

Өз жоспарларын ойдағыдай орындаған Гарри Саутгейттің шәкірттері екінші таймда арқаны кеңге салып, ойынды жалғастырды. Маркус Рашфорд, Букайо Сака (дубль) және Джек Грилиштің арқасында тағы үш гол соғылды.

Ирандықтар ағылшындарға Мехди Таремидің дублымен жауап берді. Нәтижесінде Англия 2022 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынды 6-2 есебімен түйіндеп, үш ұпаймен В тобына көшбасшылық етті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға