Жаңалықтар

Фируза Шәріпова ММА-дегі дебюті алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Жекпе-жек қарсаңында спортшылар салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, көз арбасты.
Фируза Шәріпова ММА-дегі дебюті алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті
Фото: inform.kz 28.07.2022 21:40 1079

Бокстан жеңіл салмақта IBA және WBU нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Фируза Шәріпова 29 шілде күні Алматыда Octagon 33 турнирінде ММА-дегі дебюттік жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды El.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап. 

27 жастағы қазақстандықтың қарсыласы аралас жекпе-жек спортшысы, 18 жастағы ресейлік Карина Оңдасынова болмақ. Ресейліктің MMA-дегі рекорды – 2-0. 

Жекпе-жек қарсаңында спортшылар салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, көз арбасты. 

Өткен жылдың желтоқсан айында Фируза Шәріпова WBA, IBF, WBO, WBC және The Ring нұсқалары бойынша белбеулер үшін болған титулдық жекпе-жекте ирландиялық Кэти Тейлордан жеңіліп қалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға