Жаңалықтар

Финляндия Ресеймен шекарасына шеп орнатпақ

ТАСС агенттігінің жазуынша, осы мақсатта шекара қызметіне қосымша қаржы бөлінеді.
Финляндия Ресеймен шекарасына шеп орнатпақ
08.07.2022 04:43 1608

Финляндия билігі елдің қауіпсіздігін нығайту үшін Ресеймен шекарада бөгеттер орнатуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды El.kz.

ТАСС агенттігінің жазуынша, осы мақсатта шекара қызметіне қосымша қаржы бөлінеді.

Шептердің салынуы шекара қызметі туралы заңға енгізілген өзгерістерді пайдаға асыруға мүмкіндік береді. Заңнамаға өзгерістер енгізілгеннен кейін мигранттарды қабылдау орталықтандырылған түрде, арнайы белгіленген шекаралық өткізу пункттерінде іске асырылады.

5 шілдеде Финляндия мен Швеция НАТО-ға кіру туралы хаттамаларға қол қойғаны белгілі болды. Бұл құжаттарды НАТО-ның 30 мүшесі ратификациялағаннан кейін екі ел де НАТО-ға қосылады.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға