Жаңалықтар

Fifa 2017 ойыны несімен ерекше?

Футбол симуляторы
20.10.2016 09:16 6518

EA Sports бренді спорт симуляторларының арасында көш бастап тұр. Тарихы сонау 1993 жылдан бастау алатын Fifa ойынын бүгінгі таңда миллиондаған адам сүйіп ойнайды.

Fifa 2017 ойыны несімен ерекше?

Осыдан жиырма жыл бұрынғы Fifa мен қазіргі ойынның арасы жер мен көктей. Маған сенбесеңіз, төмендегі суретке назар салыңыз.

Fifa 2017 ойыны несімен ерекше?

Керемет қарқынмен дамыған бұл ойын түрі бүгінгі таңда жастардың, тіпті ересектердің де көңілді уақыт өткізу тәсілі. Жыл сайын күз мезгілінде Electronic Arts корпорациясы геймерлерді (ойыншыларды) ойынның жаңартылған түрімен қуантады. Биыл да бұл дәстүр жалғасын тапты. Сонымен алдарыңызда су жаңа спорт симуляторы — Fifa 2017!

Fifa 2017 ойыны несімен ерекше?

Бүгін мен Fifa 2017 ойынының қандай өзегрістерге ұшырағанын, артықшылықтары жайлы әңгімелейтін болам. Егер қызық болса ары қарай парақта. Айтпақшы, бұл мақаланы жазбас бұрын мен арнайы Fifa 2017 ойынын сатып алып, алдымен өзім сынап көрдім.

Басты бет

Fifa 2017 ойыны несімен ерекше?

1. Ойындағы басты өзгеріс өзеріңіз байқағандай мұқабасында. Бірнеше жыл бойы басты бетте әлемнің үздік футболшыларының бірі Леонель Месси болған. Бұл жолы компания таңдау еркін тұтынушылардың өздеріне берді. Хамес Родригес, Антони Марсьяль, Эден Азар және Марко Ройс дауысқа түсіп, «Боруссия» командасының жарық жұлдызы Марко Ройс басты бетте тұру мүмкіндігін жеңіп алды.  

Графика

 Fifa 2017 ойыны несімен ерекше?

2. Екінші жаңалық  ол — жаңа қозғалтқыш.  «Frostbite» деп аталатын графикалық қозғалтқыштың арқасында футболшылардың киімі былғануы, күннен, прожектордан түскен сәуленің шағылысуы, ойыншылардың мимикасы шынайы өмірге барынша ұқсас. Сондай-ақ, жанкүйерлердің де, жаттықтырушылардың да дене-бітімінде үлкен прогресс байқалады.

Механика

Fifa 2017 ойыны несімен ерекше?

3. Өзгерістер ойынның механикасында да орын алды. Ойыншылар Fifa 2016-ға қарағанда ақылдырақ. Мысалы орталық шабуылшы шетке қашып, өзінің соңынан қорғаушыларды алып кетеді. Ал бос қалған орынға қапталдағы қорғаушылар жүгіріп, шабуылға көмектеседі. Сондай-ақ жаңа Fifa 2017-де он бір метрлік  тебу тәсілі өзгерген. Енді сіз ойыншыны артқа шегіндіріп, оңға-солға жүріп қақпашыны жаңылдыра аласыз. Соққы жасау да біршама өзгерген. Мысалы: жаңа ойында аяқтың сыртымен ширете тебу, жерлетіп қатты соққы жасау секілді жаңа функциялар бар.  Мұнымен қоса, айыпсоққы тебу кезінде камераны өзіңіздің қалауыңызша өзгертуіңізге болады.

Хантердің өмірі

Fifa 2017 ойыны несімен ерекше?

4. Fifa 2017-нің басты жаңалығы — The Journey сюжет желісі.  Симулятор Алекс Хантер есімді жас футболшының өмірін вертуалды түрде сүруге мүмкіндік береді. Әжеңіздің үнді сериалынан шаршаған болсаңыз — Алекс Хантер өмірі сіз үшін. Балалық шағынан бастап жарық жұлдыз болғанға дейінгі барлық кездесулер мен жаттығуларды сериал ретінде көріп қана қоймай, спортшыны басқара аласыз. Спортшының атынан оның ата-анасымен, жаттықтырушыларымен, менеджерлерімен сөйлесуге мүмкіндік бар. Алекстің тағдыры — сіздің таңдаған шешімдеріңізге байланысты өзгеріп отырады.  Айтпақшы, ойында Алекс Хантер доп тебуді ағылшын премьер- лигасынан бастайды.

Fifa 2017-де қазақстандықтар бар

Fifa 2017 ойыны несімен ерекше?

5. Fifa 2017 шықпай тұрған уақыта «Астана футбол клубы ойында болса ғой» - дегендер аз болған жоқ. Өкінішке қарай, бұл жолы елордалық клуб командалар тізімінде жоқ. Дегенмен, ойыннан шет елдерде өнер көрсететін үш бірдей жерлесімізді байқауға болады. Олар: Александр Меркель, Георгий Жуков және Вилли Евсеев.

 Fifa 2017 ойыны несімен ерекше?

Қортындылай келе, футбол сүйер қауым  үшін Fifa 2017-нің пайда болуы — жылдың басты жаңалығы деп айтуға болады. Егер сіз «футбол» десе ішкен асын жерге қоярлар қатарында болсаңыз, бұл ойын сізге сөзсіз ұнайтынына сенімдімін. Ал егер Fifa 2017 ойынының қыр-сырын меңгергіңіз келсе — El.kz сайтын бақылап жүріңіз. Келесі мақалада бұл ойынды басқалардан жақсырақ ойнаудың тәсілдері жайлы айтатын боламыз. Жалғасы бар...   


Алмас САУДАМБАЙ 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға